11.06.2009, 13:13 1597

Астана күніне орай 18 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда - ҚР ИСМ

Астана күніне орай 18 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда - ҚР ИСМ

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астана күніне орай 18 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Исет Исекешев бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Оның айтуынша, 6 шілдеге дейін Қазақстанда 18 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. "Біз артықша дәйектелген жобалар блйынша мәліметтерді сұрастырдық. Олар үш топқа бөлінген. Біріншісі - 6 шілдеге дейін іске қосуға болатындары. Ондайлар - 78 млрд теңгенің 18 жобасы. Бұл - 3700 жұмыс орны", - деді И. Исекешев.

Оның айтуынша, бұл жобалар республиканың жеті өңірінде жүзеге асырылуда.

Министрдің айтуынша, екінші топқа 2009 жылы іске қосылатын жобалар қамтылған. "Бізде ондай 107 жоба бар. Олардың құны 469 млрд теңгені құрап, 13 мың жұмыс орны құрылады", - деді министр.

Ал үшінші топта 2010, 2011, 2012 жылдары іске қосылатын жобалар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны