16.01.2014, 18:44 4184

2013 жылы "Astana Solar" компаниясы 35 мың күн панелін шығарды

Өткен жылы "Astana Solar" компаниясы 35 мың күн панелін шығарды, деп мәлімдеді "Қазатомпром" Ұлттық атом компаниясының төрағасы Владимир Школьник.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. Өткен жылы "Astana Solar" компаниясы 35 мың күн панелін шығарды, деп мәлімдеді "Қазатомпром" Ұлттық атом компаниясының төрағасы Владимир Школьник.

"Astana Solar" ЖШС "Қазатомпром" АҚ-ның үлестік компаниясы екені мәлім.

"2013 жылы "Astana Solar" ЖШС 8 МВт-тық 35 мың күн панелін шығарды, соның ішінде 62 пайызы қазақстандық компаниялармен шартталған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қызылорда обылсында 0,5 МВт-тық "СКЗ-U" ЖШС станциясы құрылды.

2014 жылы "Astana Solar" кәсіпкерлігі 37 МВт-тық күн панелдерін өндіруді жоспарлап отыр.

Осыған сай, орнатылған 1 Вт қуаттың құны $2-дан аспайды.

"Зауыттың жобалы қуатына жеткенінен кейін бағаның түсімі жоспарланып отыр. 2014 жылы өнімнің бір бөлігі, нақтырақ айтсақ, 13,1 МВт-ы шарттасылды", - деді В.Школьник.

Айта кету керек, 2014 жылы ҚР-да қазақстандық күн панелдерінің қолданылуымен 7 күн энергобекет салынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны