14.05.2014, 21:51 3544

Астанада БҰҰ елдері үшін әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар дайындалады

Астанада II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция аясында БҰҰ елдері үшін әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар дайындалуда.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. Астанада II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция аясында БҰҰ елдері үшін әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар дайындалуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында "Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы" қауымдастығының тең төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Нөгербеков мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2011 жылдың 15 желтоқсанында ұсынған Астана қаласында әлемдік дағдарысқа қарсы конференция өткізу мен БҰҰ елдері үшін дағдарысқа қарсы жоспар дайындау бастамасын жүзеге асыру барысы бойынша БҰҰ бас ассамблеясының қолдауымен ағымдағы жылы Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы 2-ші коныеренция өткізілуде. Бізге 10 ай ішінде интернет-ұйымдардың ресурстарын қолдану арқылы әлемдік дағдарысқа қарсы жоспардың тұжырымдамасын дайындауға мүмкіндік туды", - деді С . Нөгербеков.

"Дағдарысқа қарсы конференциядан кейін қатысушылар дағдарысқа қарсы жоспарды қолдайды деген үміттеміз", - деді депутат.

Сондай-ақ, ол II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцимя жұмысында 3 панельдік сессия мен ашық дебат түрін екі шара ұйымдастыру көзделген.

"Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның жұмысы Азия даму банкінің жыл сайынғы отырысы аясында басталды. Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның бірінші панельдік отырысы болып өтті. Оның қатысушылары әлемдік дағдарысқа қарсы жоспарды оң қабылдады. Біз оны G-global коммуникативтік платформасында онлайн-технологияны қолдану арқылы жүзеге асырдық", - деді С. Нөгербеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны