30.04.2014, 22:02 7774

Астанада ЭСКПО-2017 көрмесін өткізуде кәсіпкерлікті тарту әдістері талқыланды

Өңірлік даму министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін ұйымдастыру үшін кәсіпкерліктерді тарту бойынша алғашқы отырысы өтті.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan today. Өңірлік даму министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін ұйымдастыру үшін кәсіпкерліктерді тарту бойынша алғашқы отырысы өтті.

Шараға Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Мәдениет министрлігі, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ, "Даму" КҚҚ" АҚ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен "ЭКСПО-2017" дирекциясы" ЖШС өкілдері қатысты.

Өңірлік даму министрлігінің хабарлауынша, аталмыш мәселе бойынша жиын нәтижесінде халықаралық көрмені ұйымдастыру үшін берілетін ШОБ нысандарының тауары мен қызметі сапасын арттыруды жеңілдететін елдегі кәсіпкрліктің дамуының жан-жақты жұмыс жоспары дайындалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны