04.05.2006, 12:23 3007

Астанада қараша айында "Еуропалық Одақ, Каспий елдері және олармен көршілес елдер арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық" атты министрлердің бас қосуы өтеді

АСТАНА. 4-мамыр. Kazakhstan Today. 2006-жылдың 30-қарашасында Астанада "Еуропалық Одақ, Каспий елдері және олармен көршілес елдер арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық" атты министрлердің бас қосуы өтеді. Бұл туралы ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін энергетика мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссияның комиссары Андрис Пибалгспен кездесу барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан жағы 2006-жылдың қарашасында Каспий және Қара теңіз аймағы елдерінің энергетика министрлерінің екінші бас қосуын өткізуге дайын екенін хабарлайды. Бас қосу 30-қарашада Астанада өтеді",- деді ол.

Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, "бұған дейін Бакуде өткен осындай бірінші бас қосудың барысында жария етілген бастамаларды жүзеге асыру үшін 2006-жылға арналған жұмыс бағдарламасы жасалды. Ол энергетика саласындағы жаңаша ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді перспективасын айқындайтын энергетикалық "жол картасын" жасауға бағытталған. "Жол картасы" Астанада өтетін бас қосу кезінде мақұлдануы мүмкін",- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны