03.12.2018, 21:15 8088

Астанада Қаржы министрлігі тарапынан бюджеттіӊ ашықтығы мен айқындығын арттыру жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндалды

Вице-министр азаматтар үшін ақпараттардыӊ ашықтығы мен қол жетімділігі мақсатында 2017 жылы Бюджеттік кодекске енгізілген Азаматтардыӊ бюджеті туралы баяндады.

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Қаржы министрініӊ орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанныӊ VIII Азаматтық форумы аясында өткен панельдік сессиясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тарапынан бюджеттіӊ ашықтығы мен айқындығын арттыру жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндады.

Оныӊ айтуынша, 2015 жылы қабылданған "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заӊға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражаттарды жұмсау, есеп беру, аудит қорытындысы, Ұлттық қордыӊ сондай-ақ, бюджет қаражатын пайдалану мониторингініӊ нәтижелері туралы есеп және бюджет жобаларына қатысты бюджет саласындағы барлық ақпарат мемлекеттік органдардыӊ интернет-ресурстарында орналастырылады. Сонымен бірге, Қаржы министрлігініӊ ашық бюджеттері интернет-порталында тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiӊ атқарылуы туралы жыл сайынғы есебi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорыныӊ түсiмдерi мен пайдалануы туралы есеп, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердіӊ, облыс бюджеттерініӊ, республикалық бюджеттіӊ атқарылуы туралы бекітілген есептері орналастырылды. Азаматтық қоғам мүдделерін білдіретін республикалық және жергілікті деӊгейде бюджет үрдісіне қатысты құжаттарды талқылау және қабылдау кезінде қоғамдық пікірді ескеретін министрліктерде Қоғамдық кеӊестер құрылды.

Вице-министр азаматтар үшін ақпараттардыӊ ашықтығы мен қол жетімділігі мақсатында 2017 жылы Бюджеттік кодекске енгізілген Азаматтардыӊ бюджеті туралы баяндады.

"Азаматтардыӊ бюджеті - бұқаралық ақпарат құралдарында жұртшылық үшін қол жетімді нысанда жарияланған республикалық және жергілікті бюджеттердіӊ негізгі ережелерін ашатын ақпарат.

Ағымдағы жылдыӊ қаӊтар айында Қаржы министрлігі азаматтардыӊ бюджетін 2018 жылдан бастап бюджетті жоспарлау мен бюджеттерді атқару кезеӊінде Азаматтық бюджетті дайындау және ұсыну қағидаларын бекітті", - деп түсіндірді Шолпанқұлов.

Орталық және жергілікті өзін-өзі басқару органдарыныӊ ресми интернет-ресурстарында "Азаматтардыӊ бюджеті" атты жеке салымы құрылды.

Аудандық маӊызы бар қалалардыӊ, ауылдардыӊ, кенттердіӊ, ауылдық округтер әкім аппараттарыныӊ өздерініӊ интернет-ресурсы болмаса, азаматтардыӊ бюджеті туралы барлық ақпарат жоғары бюджетті мемлекеттік жоспарлау және бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті органдардыӊ интернет-ресурсында орналастырылады.

Халықаралық бюджеттік серіктестіктіӊ бюджетініӊ ашықтығы туралы зерттеуге сәйкес, 115 елдіӊ арасында Қазақстан бюджет ашықтығыныӊ халықаралық өлшемдеріне сәйкес 2017 жылы өзініӊ бюджеттік ашықтық индексін 51 ұпайдан 53 баллға дейін 2017 жылы 100 баллдық шкала бойынша 53-ке дейін ұлғайтты.

Бюджеттіӊ ашықтығына тәуелсіз сыртқы бағалаудан басқа, "Мемлекеттік органныӊ ашықтығы" бағытындағы қызметтіӊ тиімділігін бағалау жүргізілуде.

Қаржы министрлігініӊ ашық деректерініӊ интернет-порталында жарияланған, сондай-ақ Қаржы министрлігініӊ ресми интернет-ресурсында орналастырылған бюджет ашықтығы индексі туралы ақпарат тізбесі бекітілді.

Өз кезегінде, Қаржы министрлігі тұрақты негізде бюджет жобасы және жылдық бюджеттіӊ атқарылуы туралы есеп, азаматтық бюджет, ай сайынғы, тоқсандық есептер және аналитикалық материалдар, жыл сайынғы және жартыжылдық бюджет туралы жыл сайын ақпарат жариялап отырады, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны