23.01.2014, 20:34 5456

Астанада Қазақстан аймақтарын сумен жабдықтау жүйесін жобалау мәселесі талқыланды

"Бүгінде Қазақстанда сумен жабдықтау жүйесінде білікті мамандар тапшылығы байқалады. Құрылыс компаниялары мен жобалық, инжинирингтік компаниялар кадр тапшылығын көріп отыр", - деді Э. Табанов.

Алматы. 23 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Астанада "Сумен жабдықтау және жіберу жолдарының жүйесін жобалаудың өзекті сұрақтары" атты халықаралық конференция басталды.

"Бүгінгі конференция - ерекше, себебі қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар, жобалық ұйымдар, қондырғы өкілдері, сорғы құрылғысы, қазақстандық сарапшылар, Қазақстанның ғылым және академиялық топтарының өкілдері бар. Бұл аталмыш саладағы өзекті сұрақтардың басын ашып, шешілуіне түрткі болады", - деді "ҚазақСуканалжоба" АҚ президенті Эльдар Табанов.

Сондай-ақ, шарада Франция, Испания, Швейцария, Ресей, Германия елдерінің сумен жабдықтау саласындағы сарапшылары қатысты.

Конференцияда сумен жабдықтау жүйесінің сапасын арттыру, жалпы жүйенің Қазақстанда дамуы талқыланды.

Сондай-ақ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ университетте мамандарды дайындау сұрағы алға тартылды.

"Бүгінде Қазақстанда сумен жабдықтау жүйесінде білікті мамандар тапшылығы байқалады. Құрылыс компаниялары мен жобалық, инжинирингтік компаниялар кадр тапшылығын көріп отыр", - деді Э. Табанов.

Шараны "ҚазақСуканалжоба" АҚ мен Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы "Карлскрона" ЖШС Өңірлік даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны