16.10.2006, 16:15 3078

Астанада қазақстандық және германиялық кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі

АСТАНА. 16-қазан. Kazakhstan Today. Астанада 17-18-қазанда қазақстандық және германиялық кәсіпкерлердің, сондай-ақ, екі елдің мүдделі мемлекеттік мекемелері өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, форумды ҚР индустрия және сауда министрлігі Қазақстан-Германия кәсіпкерлері қауымдастығымен бірлесе ұйымдастырады.

Форумның мақсаты - екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту және оны тереңдете түсу.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны