28.09.2015, 18:28 4433

Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеӊесініӊ отырысы өтті

2015 жылғы 28 қыркүйекте "Самұрық-Қазына" АҚ мен ҚХР халықаралық сауда бойынша көмек комитеті Қазақстан-Қытай іскерлік кеӊесініӊ инвестициялық форум түріндегі кезекті отырысын өткізді

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 28 қыркүйекте "Самұрық-Қазына" АҚ мен ҚХР халықаралық сауда бойынша көмек комитеті Қазақстан-Қытай іскерлік кеӊесініӊ инвестициялық форум түріндегі кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараға ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі, ҚХР халықаралық сауда бойынша көмек комитеті, "Самұрық-Қазына" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ, "Deloitte" компаниясы және т.б. өкілдері қатысты.

Шара барысында қазақстандық және қытайлық компаниялар мұнай, логистика, телекоммуникация, энергетика, жылжымайтын мүлік саласындағы жобаларымен таныстырды. Қазақстан жағынан "Қазахтелеком" АҚ, "Қазақстан мұнай және газ институты" АҚ, "ҚТЖ Экспресс" АҚ, "Ақтау теӊіз порты" ЕЭА, Қытай жағынан "Hareon Solar Science and Technology Co. Ltd" компаниясы, CMEC машина жасау және инжиниринг корпорациясы өкілдері болды.

Екі елдегі инвестициялық жобаларға әріптестер тарту мақсатында, Қазақстан мен Қытай іскер топтары арасында, B2B түрінде кездесулер өткізілді.

Форум қонақтары Қазақсанныӊ инвестициялық әлеуетімен, соӊғы кездегі шетелдік әріптестермен қарым-қатынас үрдістерімен танысты. Мәселен, 2014 жылғы маусым айында ҚР Президенті Н.Назарбаев, инвесторларды жан-жақты қолдауға жол ашатын, соныӊ ішінде 10 жылға корпоративтік кіріс салығынан, жер салығынан, 8 жылға мүлік салығынан босатылуға мүмкіндік беретін, инвестициялық аужайды жетілдіретін заӊға қол қойған еді. Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді, онда қатысушыларға түрлі жеӊілдіктер қарастырылған. Индустриалды-инновациялық бағдарлама жалғасын табуда. "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық қызу жүргізілуде және оныӊ аумағында "Астана халықаралық қаржы орталығы" арнайы қаржылық аймағы құрылатын болады.

Қытайдыӊ бизнес-қауымдастығы "Самұрық-Қазына" компаниялар тобыныӊ стратегиялық әріптесі болып табылады. ҚХР Эксимбанкі Атырау мұнай өӊдеу зауытындағы хош иісті көмірсутегін өндіру, мұнайды тереӊ өӊдеу кешендерін, газ-химиялық кешенніӊ бірінші фазасын (полипропилен өндіру) несиелендіріп отыр. Ортақ бизнес-қоржында құны 41 млрд. доллар болатын 39 жоба бар.

Корпоративтік коммуникация бөлімі "Самұрық-Қазына" АҚ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны