28.01.2013, 17:09 2893

Астанада КО пен ЕСЕА елдері арасында еркін сауда туралы Мәміле жасау жөніндегі келіссөздер жүргізілуде

Астанада Кедендік Одаққа мүше елдер Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы мен Еркін сауда еруразиялық ассоциациясы елдері (Швейцария, Норвегия, Лихтенштейн, Исландия) арасында еркін сауда Мәміле жасау жөніндегі келіссөздердің жетінші кезеңі өткізілуде, деп хабарлайды Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 28-қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада КО пен ЕСЕА елдері арасында еркін сауда туралы Мәміле жасау жөніндегі келіссөздер жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада Кедендік Одаққа мүше елдер Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы мен Еркін сауда еруразиялық ассоциациясы елдері (Швейцария, Норвегия, Лихтенштейн, Исландия) арасында еркін сауда Мәміле жасау жөніндегі келіссөздердің жетінші кезеңі өткізілуде, деп хабарлайды Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Болашақ мәміле шеңберінде бүгінде Тараптардың өздерінің сауда шараларын қолдану мүмкіндіктері талқылануда, оның қатарында санитарлықжәне фитосанитарлық шаралар, техникалық реттеу, сауданы қорғау шаралары, зияткерлік меншікті қорғау, сондай-ақ ДСҰ принциптері мен ережелеріне сай қызмет көрсету секторын реттеу бар", - делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы, еркін сауда туралы Мәміле жасау қазіргі сауда байланыстарын нығайтуға және ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер құруға ықпал етеді, себебі онда айырықшы сезімтал тауарлардан басқа жағдайларда алым-салықсыз сауда қарастырылған.

2012 жылдың 11 айы ішінде Қазақстан мен ЕСЕА елдері арасындағы тауар айналымы 4,7 млрд. АҚШ долларын құраған (Қазақстаннан ЕСЕА елдеріне таруа экспорты 4,4 млрд. АҚШ долларын, ЕСЕА елдерінен импорт 233,8 млн. АҚШ долларын құраған).

Еркін сауда туралы Мәміле шеңберінде келісілген нарыққа өзара қолжетімділікті жақсарту жеткізілетін тауарлар тізілімін кеңейтуге мүмкіндік береді, сөйтіп интеграциялық блоктар арасындағы тауар айналымының артуына ықпал етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны