17.08.2006, 13:16 3114

Астанада ҚР қаржы министрлігі мен РФ Федералдық қазынашылық мекемесі арасында техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

АСТАНА. 17-тамыз. Kazakhstan Today. Астанада ҚР қаржы министрлігі мен РФ Федералдық қазынашылық мекемесі арасында техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қазақстан жағынан құжатқа ҚР қаржы министрлігінің қазынашылық комитетінің төрағасы Дина Шаженова мен РФ Федералдық қазынашылық мекемесі жетекшісінің орынбасары Алексей Попов қол қойды. "Қазақстандағы сияқты Ресейдің қазынашылық мекемесінде де Илемдік банктің басқаруымен қазынашылық жүйесін жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Осы жобаның аясында биыл біз қаржылық есеп жүйесін енгізуге кірісеміз. Ол бірнеше жылдан бері Қазақстанның қазынашылық комитетінде табысты жұмыс істеуде. Сол себепті біз үшін қазақстандық әріптестеріміздің тәжірибесі қызғылықты. Бұл жерде біз тек оңды тәжірибені ғана емес, сонымен бірге, проблемаларды, жүйенің осал тұстарын да білгіміз келеді",- деді А.Попов.

Оның айтуынша, ақпараттық жүйенің "осал тұсы" деп Ресейліктер "осы жүйенің түрлі блоктарының интеграциялану жағдайларын" айтып отыр. "Жүйенің әрбір блогы дегеніміз - бағдарламалық өнім, мәліметтерді жалғастыратын желі, сервер жабдықтары, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен ақпаратың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары. Осы блоктар интеграцияланған кезде немесе нақты ахуалда олардың ықпалдастығы кезінде осал тұстары байқалады. Мәселен, бағдарламалық өнім мен мәліметтерді жер серігімен жалғастыру желісінің ықпалдастығы кезінде қиындықтар туындайды. Мұндай тауқыметпен тек Қазақстан ғана емес, осындай жүйені қолданатын кез-келген ел бетпе-бет келеді",- деді А.Попов.

Сонымен бірге, РФ Федералдық қазынашылық мекемесі жетекшісінің орынбасарының бағалауынша, бұл келісім екі мемлекеттің қазынашылық жүйелеріне "жылдам әрі дұрыс бағытта дамуға" көмектеседі. "Біз қазақстандық әріптестерімізді биылғы күзде Мәскеуге шақырып, осы сапар барысында қаралатын мәселелердің топтамасын айқындап алдық",- деді А.Попов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны