22.12.2008, 18:06 3032

Астанада проблемалы құрылыс нысандары коммуналдық меншікке беріледі

Астанада проблемалы құрылыс нысандары коммуналдық меншікке беріледі

Астана. 22 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада проблемалы құрылыс нысандары коммуналдық меншікке беріліп, таяу уақыттарда салынып аяқталады. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінде өткен үкіметтік сағатта Қазақстанның индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Астанада проблемалы құрылыс нысандары бойынша сотқа берілген 19 шағымға сәйкес, соттың шешімдерімен үлескерлердің шығындарын өтеп беру үшін барлық аяқталмаған үлестік құрылыс нысандары бойынша құқықтар коммуналдық меншікке берілген және олар салынып аяқталады", - деді В. Школьник.

Сонымен бірге, "Астана әкімдігіне үлестік құрылыс нысандарынан 6 мың пәтерді сатып алуға 41 млрд теңге бөлінген. Соның ішінде 2008 жылы 21 млрд теңге бөлінген, оның 20 млрд теңгесі бүгінгі күні игерілді".

"47 нысанда 6213 пәтерді сатып алуға шарт жасалды. Мұнда 6033 үлескердің мәселесі шешілуде. Соның ішінде ағымдағы жылдың аяғына дейін 8 нысан пайдалануға беріледі. Олардың құрылысына 936 үлескер қатысуда", - деді ол.

"Проблемалы нысандардың құрылысын аяқтау үшін үкіметтің резервінен Астананың әкімдігіне 17,2 млрд теңге, Алматы әкімдігіне - 10 млрд теңге бөлінген. Икімдіктер тиісті уәкілетті органдар құрды", -деді В. Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны