09.12.2011, 16:38 3715

Астанада Talgo жолаушылар вагондарын шығаратын зауыт іске қосылды

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы вагондардың аспалы жабдықтау монтаждық учаскесіне, ішкі жабдықтар мен интерьерді құрастыру учаскесіне арналған өндірістік үдерістерімен, қосымша тіркеу және статистикалық сынақ цехымен танысты, сондай-ақ бір жолаушы вагонын көріп шықты. "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ президенті А. Мамин Нұрсұлтан Назарбаевқа зауыттың негізгі техникалық сипаттары, жолаушылар қозғалысының жылдамдығын шектеу мен дамыту жоспары туралы баяндады.

Астана. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында "Тұлпар-Тальго" жолаушылар вагондарын шығаратын алғашқы зауыттың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы вагондардың аспалы жабдықтау монтаждық учаскесіне, ішкі жабдықтар мен интерьерді құрастыру учаскесіне арналған өндірістік үдерістерімен, қосымша тіркеу және статистикалық сынақ цехымен танысты, сондай-ақ бір жолаушы вагонын көріп шықты. "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ президенті А. Мамин Нұрсұлтан Назарбаевқа зауыттың негізгі техникалық сипаттары, жолаушылар қозғалысының жылдамдығын шектеу мен дамыту жоспары туралы баяндады.

Зауытты аралау кезінде мемлекет басшысы зауыттағы статистикалық стендтік сынақтар өткізу цехын іске қосты.

Нұрсұлтан Назарбаев зауыттың жұмысшыларымен әңгімелесті.

"Индустриялық бағдарламаны іске асыру еліміз үшін таяу жылдардағы басым міндеттер болып табылады. "Тұлпар-Тальго" зауыты - Тәуелсіздік күніне тамаша сыйлық. 2015 жылы жергілікті өнім Қазақстан бойынша пайдаланылатын болады. Біздің көлік жүйесіндегі жұмыстың тиімділігі едәуір артады", - деді мемлекет басшысы.

Жаңа зауыт құрылысының жобасы испандық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылған. Оның жобалық қуаттылығы - жылына 150 жолаушы вагонын шығару. Жобаның құны: 8,8 млрд. теңге. Зауытта 18, 12, 10 орындық вагондар, сондай-ақ мүгедек жолаушылар үшін 6 орындық вагондар шығарылатын болады. Вагонның орташы құны - 780 мың еуро. Вагондар Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделіп жасалады, олардың конструкциялық жылдамдығы сағатына 350 шақырымды құрайды.

Технологиялық процесіне қозғалғыш бөлшектерін құрастыру, ауа және электрмен жабдықтау жүйесін қосу, купе элементтерін дайындау, қорабын дәнекерлеу және сырлау, жабдықтардың жекелеген түрлерін дайындау және монтаждау жатады. Техникалық қадағалауды еуростандарттардың талаптарының орындалуына бақылау жасайтын испаниялық тарап жүзеге асырады. Сондай-ақ зауыттың жұмысшылары Испанияның зауыттарында оқып келген. Аталған жобаны іске асыру жолаушылар вагондарына тапшылық мәселесін шешуге, пойыздар қозғалысындағы қауіпсіздік деңгейі мен жолаушылар қолайлылығын арттыруға, қазақстандық теміржол көлігінің бәсекеге қабілеттілігін ұлғайтуға мүмкіндіктер туғызады. Сондай-ақ жаңа жолаушылар вагондарын құрастыру кезінде жекелеген түйіні мен бөлшектерін дайындауға арналған тапсырыстарды орналастыру есебінен бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары өндірісінің көлемін ұлғайтатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны