15.09.2016, 22:08 4720

Астанада үлескерлер тұрғын үй кешенініӊ құрылысын өз күштерімен қайта жандандырды

Құрылысқа тапсырыс берушілер - үлескерлердіӊ өздері болып табылады.

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Біраз уақыттан бері құрылысы тоқтатылған бір тұрғын үй кешенініӊ үлескерлері бүгін Астанада баспасөз мәслихатын өткізіп, өз тұрғын үй кешендерін үлгі ретінде атай отырып, алданып қалған үлескерлердіӊ проблемалы нысандарын салып бітіру механизмдері туралы әӊгімелеп берді.

Бұл жерде "EXPO-2017" көрме павильоныныӊ басты қақпасынан небәрі 100 шақырымда орналасқан "Expo Town" тұрғын үй кешені жайлы әӊгіме болды. Кешенге "Азбука жилья" тұрғын үй кешенініӊ құрылысы аяқталмай қалған нысандарыныӊ біріне айналу қаупі төніп тұрған болатын. Бірақ үлескерлер мен мемлекеттік органдардыӊ бірлескен жұмыстарыныӊ арқасында тығырықтан шығудыӊ жолы табылып, құрылыс қайта жанданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кешен құрылысына салған қаражатты қайтарып алу үшін үлескерлер Астана қалалық әкімдігіне жүгінген болатын. Мекемеаралық комиссияныӊ төрағасы, әрі қала әкімініӊ бірінші орынбасары Сергей Хорошун оларға үлескерлердіӊ атынан Тұрғын үй құрылысы кооперативін құруды және осы кооперативтіӊ атынан құрылысы аяқталмаған нысанды үлескерлердіӊ пайдасына өндіріп алу жөніндегі өтінішпен прокуратураға және сотқа жүгінуді, одан әрі құрылысты аяқтау үшін инвестиция іздестіруге өз беттерімен кірісуді ұсынған.

"Осылайша "Экспо Таун Успех" атты Тұрғын үй құрылысы кооперативі құрылып, барлық қиындықтар басталды. Астана қалалық прокурорыныӊ шағымы бойынша басталған бірнеше сот отырыстарынан кейін 2016 жылғы 4 ақпанда рұқсаттама және атқарушылық құжаттамаларымен қоса нысанды тұрғын үй құрылысы кооперативініӊ пайдасына беру туралы шешім шығарылды, одан әрі 2016 жылғы 3 тамызда ҚР Жоғарғы соты жер телімдерін құрылысты аяқтау үшін алып берді. Прокуратура қызметкерлерініӊ кәсіпқойлығы, қалыптасқан жағдайды шешу бойынша әкімдік ұсынған іс-қызметтер алгоритмі және мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеу арқасында "Expo Town" тұрғын үй кешенініӊ аяқталмай қалған құрылысы дәл осындай ауыр жағдайда қалған Қазақстанныӊ мыӊдаған үлескерлері үшін тығырықтан шығудыӊ жолы бар екендігіне нақты мысал болмақ. Бұл жағдай атқарушы билік пен алданған үлескерлердіӊ өзара ынтымақтасу мүмкіндігі бар екендігін және оныӊ тиімділігін паш етті", - деп хабарлайды үлескерлер.

"Expo Town" тұрғын үй кешенініӊ құрылысы тарихыныӊ жаӊа парақтарын бастаған үлескерлер кешенге "Вена кварталы" деген жаӊа атау сыйлап, бос жер телімінде құрылыс жұмыстарын қайта жандандырды. Нысанда жұмыстар барынша қарқынды жүргізілген бірнеше айдыӊ ішінде оныӊ жанама, бірінші, екінші және үшінші қабаттары тұрғызылып үлгерді.

Үлескерлердіӊ айтуынша, "Вена кварталы" тұрғын үй кешенініӊ тарихы өзгеше, өйткені, құрылысқа тапсырыс берушілер - үлескерлердіӊ өздері болып табылады.

"Біз тапқан амалдыӊ бірегейлігі сол, басқа жақтан құрылыс компаниясын тартпастан, құрылысты өз күшімізбен жалғастырып жатырмыз. Бұл дегеніӊіз, жұмысты өзіміз қадағалап, материалды өзіміз таӊдаймыз, өзіміздіӊ болашақ үйіміздіӊ құрылысына бар жан-тәнімізді салып жатырмыз деген сөз, сондай-ақ, құрылыс сапасы барынша жоғары және тұрғын үй құрылысыныӊ "Өз қолымызбен тұрғыздық" деген атаумен жаӊа сегменті пайда болғаны туралы мәлімдей аламыз", - деді Тұрғын үй құрылысы кооперативініӊ төрайымы Ольга Лигай.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны