09.02.2016, 19:34 3413

Астананыӊ салық қызметкерлері дағдарысқа дейінгі кезеӊмен салыстырғанда бюджетке 62 млрд теӊгеге артық кіріс әкелді

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2015 жылы мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 768,9 млрд.теӊге көлемінде кіріс түсірді. Кірістер өсімі 62,0 млрд.теӊгені құрады, салық түсімдеріне қарыздар 0,9% деӊгейіне дейін азайтылды.

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2015 жылы мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 768,9 млрд.теӊге көлемінде кіріс түсірді. Кірістер өсімі 62,0 млрд.теӊгені құрады, салық түсімдеріне қарыздар 0,9% деӊгейіне дейін азайтылды. Бұл туралы Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментініӊ басшысы И.Сқақов 2015 жылдыӊ қорытындылары мен 2016 жылға құрылған жоспарларға арналған кеӊейтілген жиын барысында айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеӊейтілген отырысқа Астана қаласыныӊ әкімі И.Р.Жақсыбеков, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер Комитетініӊ төрағасы Д.Е.Ерғожин қатысты.

И.Сқақовтыӊ айтуынша, экономикалық дағдарысқа қарамастан, Департаменттіӊ мұндай жақсы көрсеткіштер көрсетуіне бірнеше себеп бар. Ол: кіріс жинау туралы кешенді жоспардыӊ жүзеге асуы, қазына қаржысын бақылаудыӊ бірыӊғайлануы, жаӊа құрылған экономикалық тергеулер қызметімен тығыз байланыс, жалған кәсіпкерлікке қарсы күрес, импорттаушыларды өтпелі бақылаудан өткізу жұмыстары.

"Жүйелі жұмыс нәтижесінде бюджетке қосымша 169 млрд. теӊге жұмылдырылды. Салықтық тексерулерді 38 %-ға азайттық, алайда борыштарды өндіріп алуды 13 есеге көбейттік. Жыл қорытындысы бойынша салық төлемей жүрген борышкерлерден 20,3 млрд.теӊге өндіріп алынды. Камералды бақылау 6000 субъектіге кем қамтылды, дегенмен нәтижесі екі есеге өсті. Қатаӊ бақылауғ заӊ бұзушылар алынды, ал адал кәсіп жүргізіп отырған салық төлеушілердіӊ ісіне кедергі келтірмеу принципі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп бөлісті И.Сқақов. "Астана - жалған кәсіпорынсыз қала" атты Жоспардыӊ жүзеге асырылуы нәтижесінде қолма-қол ақша айналдыру 17%-ға қысқарды, қаладағы жалған кәсіпорындар 60%-ға азайды.

Сонымен қатар Департамент басшысыныӊ сөзіне қарағанда, Астаналық кіріс органы жұмысыныӊ басты нәтижесі - кедендік және салықтық әкімшілендірудіӊ бірыӊғай орталығыныӊ құрылуында. Осыныӊ арқасында бюджетке түскен түсім көлемі экономиканыӊ даму қарқынынан да арта түсіп, мемлекеттік қызмет сапасы да жақсарған.

"Біз салық төлеушілерге қызмет көрсету уақытын 10 минутқа қысқартып, электронды қызмет түрін 80,5 %-ға дейін көбейттік", - дейді И.Сқақов.

Сөз соӊында қалалық Департаменттіӊ басшысы осы жылға арналған жұмыс жоспарларымен танстырып, аталған қызметтіӊ жаӊа бастамаларды да іске асыратынына сендірді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетініӊ төрағасы Дәулет Ерғожин Астана қаласы мемлекеттік кірістер Департаменті басшысыныӊ есебін тыӊдап, оӊ баға берді. Оныӊ айтуынша, көптеген жаӊа жобалар алдымен Астанада жүзеге асырылып, кейін өзге аймақтарға тарайды. Бұл салмақты іс, дегенмен елордада басталған істі жетілдіруге мүмкіндік көп. Департамент бастамаларын қолдай отырып, Төраға профилактикалық жұмысқа мән берілу керектігін, салық және кедендік әкімшілендіруде жаӊа технологияларды пайдалану керектігін алға тартты.

Мемлекетке кіріс жинаушылар қызметініӊ басым бағыты - қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесін арттыру арқылы көлеӊкелі экономика көлемін қысқарту. Бұл бағытта POS-терминалдар мен онлайн бақылау кассалық аппараттарын қолдануды бақылау да маӊызды орынға шығып отыр. Астананыӊ экономикалық тергеулер қызметі экономикалық қылмыстарды бастапқы кезеӊінде анықтап, жалған кәсіпкерлікпен және салықтан жалтару әрекеттерімен күресті күшейту керек, - деп қорытындылады Д.Ерғожин.

Жиын соӊында Астана қаласыныӊ әкімі И.Жақсыбеков қаланыӊ фискалды органына жұмыс көрсеткіштері үшін алғысын білдірді. Қала әкімініӊ айтуынша, Астана 2015 жылдан бастап республикалық бюджетке кіріс түсіру арқылы бюджеттіӊ төртінші донорына айналды. Жергілікті мемлекеттік органдар, оныӊ ішінде мемлекеттік кірістер Департаментініӊ басты міндеті - Елорданыӊ бизнес-климатын жақсарту, көлеӊкелі экономикаға қарсы күрес, дағдарысқа қарсы тиімді шараларды қолдану, инновациялық мәселелерде өзара әрекеттестік қалыптастыру.

"Жергілікті бюджетке түскен түсім динамикасы мемлекет бойынша еӊ жоғары көрсеткішке ие. Түсімніӊ 90%-ы салықан түскен түсімдер. Бұл біздіӊ бірлескен жұмысымыздыӊ нәтижесі. Сондықтан салық әлеуетін кеӊінен қолдану керек",- деді қала басшысы.

И.Жақсыбеков мемлекеттік кірістер Департаменті қызметкерлерініӊ жаӊа бастамалары әкімдік тарапынан қолдауға ие болатынын айтып, ұжымныӊ Астана қаласыныӊ дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Үздік қызметкерлер әкім марапаттауына ие болды, оныӊ ішінде 10 қызметкерге пәтер кілттері табыс етілді.

Астана қ. МКД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны