15.07.2014, 22:52 1620

Астана-Щучинск жолының бойына ағаштар егу үшін 127 млн теңге бөлінді

Биыл Астана-Щучинск автокөлік жолының бойына ағаштар егу үшін республикалық бюджеттен 127860 мың теңге бөлінді. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігіндегі аппарат кеңесінде облыстың табиғи ресурстарды пайдалану және жер қойнауын пайдалануды реттеу басқармасының жетекшісі Руслан Иубәкіров мәлімдеді.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. Биыл Астана-Щучинск автокөлік жолының бойына ағаштар егу үшін республикалық бюджеттен 127860 мың теңге бөлінді. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігіндегі аппарат кеңесінде облыстың табиғи ресурстарды пайдалану және жер қойнауын пайдалануды реттеу басқармасының жетекшісі Руслан Иубәкіров мәлімдеді.

Ақмола облысындағы Астана-Щучинск автожолының бойына тоғай отырғызу жұмыстары 2009 жылдан бастап қолға алынды. 2012 жылы 1828,7 гектар жерге 4500 түп көшет отырғызылды. 2013 жылы егілген ағаштарды күтіп-баптау мақсатымен 291 669 теңге жұмсалды. Бұл қаражат 100 пайыз игерілді, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Қазіргі таңда Ақмола облысы Ақкөл ауданы мен Щучинск-Бурабай демалыс аймағының орман-тоғайларын елордалық тоғай алқабымен байланыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жиында облыс басшысы Сергей Кулагин тоғайлы жерлерді көбейту мен орман ағаштарын шабу және облыстың орман қорын өрттен сақтау жұмыстарын жалғастыра түсуді тапсырды.

Аппарат жиыны барысында ауылшаруашылығындағы зиянкестермен күрес шаралары да талқыға салынды. Биыл мемлекеттік бюджеттік бағдарламаға сай Ақмола облысында аса қауіпті организмдер бойынша 1 млн 672 гектар жерге химиялық қорғау шаралары жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны