16.01.2014, 18:57 5780

Атырау облысында 2014 жылы 6 жылыжай ашылады

Облыс аумағында 252 гектарға көпжылдық жеміс-жидек пен түрлі ағаштар егілген. 2014 жылы жеміс-жидек бағын тағы 55 гектарға арттыру жоспарланған.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. Атырау облысында 2014 жылы 6 жылыжай ашу жоспарлануда, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

"Жылыжай шаруашылығы жыл санап дамып келеді. Биыл 6 жылыжай салынады, тағы 3 жылыжайдың құрылысы басталады", - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, 2013 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің егістік шаруашылығы 6 мың гектарға жетті, осы жерден 51 тың тонна көкеніс жиналған.

Облыс аумағында 252 гектарға көпжылдық жеміс-жидек пен түрлі ағаштар егілген. 2014 жылы жеміс-жидек бағын тағы 55 гектарға арттыру жоспарланған.

Сонымен қатар, өңірде тамшылатып суару технологиясы да енгізілуде. 2013 жылы 413 гектар жерді алып жатқан 11 шаруашылықта қолданылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны