17.03.2020, 21:25 3399

Атырау облысының мәдениет саласының бірқатар лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Сотталған лауазымды тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan Today - Атырау облысының мәдениет саласының бірқатар лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "Атырау облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы С. Сабырға, "Н. Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы" КМҚК бұрынғы директоры Ғ. Дүйсенғалиевке, басқарманың бухгалтерлік есеп, есептілік және қаржы-экономикалық қызмет бөлімінің бұрынғы басшысы А.Рахматулинаға және бұрынғы бухгалтер Г.Самариденоваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Сабыр және басқалар лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу сылтауымен үлестес тұлғалар арқылы қолма-қол ақшаға аудару арқылы сеніп тапсырылған бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру бойынша күдікті деп танылды.

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Атырау қаласының №2 сотының үкімімен: Сабыр орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды, Дүйсенғалиевтің 7 жылға бас бостандығы шектелді, Самариденова мен Рахматулина жазаны өтеуді 5 жылға дейін кейінге қалдырумен 7 жылға бас бостандықтарынан айрылды.

Сотталған лауазымды тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны