08.05.2015, 11:58 5007

Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелдік қатысушылармен ауыл шаруашылығын қайта өӊдеу бойынша инвестициялық жобаларды қарастыруда

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу бойынша жобаларды мемлекеттік қолдау "Агробизнес - 2020" бағдарламасыныӊ және индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасыныӊ екінші бесжылдығыныӊ басыӊқы міндеттерініӊ бірі

Астана. 08 Мамыр. Kazakhstan Today - Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу бойынша жобаларды мемлекеттік қолдау "Агробизнес - 2020" бағдарламасыныӊ және индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасыныӊ екінші бесжылдығыныӊ басыӊқы міндеттерініӊ бірі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Нұр Отан" XVI съезініӊ барысында Мемлекет басшысы азық-түлік өндірісінде серпінді инвестициялық жобалардыӊ жүзеге асыру үшін шетелдік компанияларды тартуды тапсырды.

Қазіргі таӊда Ауыл шаруашылығы министрлігі 15 жоба бойынша инвестициялық ұсыныстарды қарастыруды.

Атап айтқанда, австриялық және неміс серіктестерініӊ қатысуымен етті мал шаруашылығында кластерді құру бойынша 4 жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр.

Мәселен, "Евразия Агро Холдинг" ЖШС өндіріс қалдықтарын қайта өӊдеу бағытымен бірге, жылына 17 мыӊ тонна етті өндіретін қуаттылықпен етті қайта өӊдеу кешенін салуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, құс өнімініӊ импортын 50%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін голландиялық, австриялық және украиналық компаниялармен 90 мыӊ тонна қуаттылығымен 3 құс фабрикасыныӊ салынуы қарастырылып отыр.

Өсімдік майы мен сүт өнімдерін өндіру бойынша жобалар қарастырылуда.

Мысалға, майлы дақылдарды қайта өӊдеу бойынша жобаларды жүзеге асыру майлыдәндер өндірушілердіӊ мәселелерін шешпек. Өсімдік шаруашылығын диверсификациялау нәтижесінде 2014 жылы майлы дақылдар алаӊы алғаш рет 2 млн. га деӊгейінен асып түсті. Бұл шикізатты өткізу мәселесін және шикізат өніміне бағаныӊ тұрақсыздануынан фермерлердіӊ тәуелділігін болдырмау, ұзақ мерзімді және ұдайы сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қайта өӊдеу саласыныӊ дамуы салықты ұлғайту, өндірілген өнімніӊ жоғары қосымша құнын және инвестициялармен қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз етеді.

Танымал шетелдік компаниялардыӊ қатысуы тәжірибе енгізумен қатар заманауи технологиялардыӊ таратылуына, қазақстандық өнімніӊ экспортын кеӊейтуге мүмкіндік беретін халықаралық өтім нарығын қалыптастыру өз септігін тигізбек.

Жобалардыӊ жалпы құны шамамен 200 млрд. теӊгеден аспақ.

Мұндай жобалардыӊ негізгі мемлекеттік қолдауы инвестициялық субсидиялау (құрылысқа кеткен шығындарды ішінара өтеу), құрал-жабдық лизингісі мен банк займдары бойынша пайыздық үстем ақыны субсидиялау тәрізді жаӊа құралдар арқылы жүзеге асырылады.

Серпінді жобалардыӊ тізіміне қажет болған жағдайда түзетулер енгізіледі.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны