11.10.2017, 15:54 4982

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 39 миллиард теӊгеге 10 мыӊ қарыз берді

2017 жылы Бағдарлама аясында ауылдық кәсіпкерлікті шағын неселеуге 16,5 млрд теӊге бөлініп, бүгінгі таӊда оныӊ 15,7 млрд теӊгесі берілген.Одан бөлек 24,5 млрд теӊге республикалық бюджеттен және Қордыӊ өз қаржысынан бөлінді.

Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауылды жердегі кәсіпкерлікті өз қаржысымен қатар 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бойынша тартылған қаржыдан несиелейді.

- Осы жылдыӊ 9 айында Қор тарапынан 39 миллиард теӊгеге 10 мыӊнан астам несие берілді, - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасыЖандар Омаров. - Жалпы, жылдыӊ соӊына дейін ауылдық шағын несиелеуге 41 миллиард теӊге бөлу жоспарланған. Шарттар несие алушылар үшін өте тиімді: несиелеудіӊ мерзімі - 6,5 жылға дейін, үстеме - жылдық 6% аспайды, тиімді сыйақы үстемесі - 6,7% дейін. Несиелеу мерзімініӊ үштен бір бөлігіне дейін жеӊілдетілген мерзім бекітіледі.

2017 жылы Бағдарлама аясында ауылдық кәсіпкерлікті шағын неселеуге 16,5 млрд теӊге бөлініп, бүгінгі таӊда оныӊ 15,7 млрд теӊгесі берілген.Одан бөлек 24,5 млрд теӊге республикалық бюджеттен және Қордыӊ өз қаржысынан бөлінді. Жалпы, осы жылы ауыл тұрғындары мен ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне бөлінген қаржы 41 миллиард теӊгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 миллиард теӊгеге артық.

Қазіргі таӊда ауылшаруашылық кооперативтер мен олардыӊ мүшелері белсенді қаржыландырылуда. Несиелер келесі бағыттар бойынша бөлінуде: "Ынтымақ" несиелік өнім аясында -ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімін шығару және сату жөніндегі кооперативтердіӊ дамуына; "Береке" аясында - отбасылық мал бордақылау алаӊдарына; "Игілік" бойынша - мал мен құстыӊ басын сатып алу мен көбейтуге; "Ырыс" бйоынша- отбасылық сүтті-тауарлы фермаларға. Осы бағыттар бойынша кооперативтер мен олардыӊ мүшелеріне 20 млр теӊге бөлінді.

Нұртас Болатұлы - Шығыс Қазақстан Абай ауданындағы "Нұр-Наз Береке" кооперативініӊ басшысы. Кооператив осы жылдыӊ маусым айында құрылып, 38 адамды біріктірді. Негізгі қызмет - мал бордақылау. Бүгінгі таӊда кооперативтіӊ 30 мүшесі "Береке" бағдарлама бойынша жалпы құны 76,4 млн теӊгеге несие алып, 382 ІҚМ басын сатып алды. Енді шаруашылықтағы малдыӊ саны 430-ден асты.

- Кооперативке кірген ауылдағы шаруашылықтарда осыған дейін 50 мал басы болған. Уақыттыӊ қысқа ғана мерзімінді несиелерді рәсімдеп, мал басын 8 есе көбейттік, - дейді Нұртас Болатұлы. -Қор ұсынып жатқан шарттар еш жерде жоқ. Елбасыға, Үкіметке, Қор филиалына үлкен алғыс айтқым келеді, мемлекеттіӊ көмегімен біз тұрақты табыс көзіне ие болдық, отбасыларымызды асырап, ауылды көркейтудеміз. Жақын арада кооперативке мал сою бекетін сатып аламыз деген жоспар бар. Мал соятын кез де келіп қалды, Семейдегі "Северный" базарына апарып сатамыз, ол туралы келісімдер бар.

Қазіргі таӊда Қор "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік" бағдарламасымен бөлінген қаражаттыӊ 95 пайызын игерді. Қалған 4 пайызға өтінімдер тіркелуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны