20.02.2013, 14:04 3560

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры көктемгі егістік жұмыстарына 600 млн. теңге жұмсамақ

Өсімдік шаруашылығы саласында агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін көлемді қолдаудың шеңберінде "ҚазАгро" Ұлттық холдингінің еншілес компаниясы - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ - 2010 жылдан бастап АӨК субъектілерін көктемгі егістік және егіс жинау жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған "Егінжай" бағдарламасын жүзеге асыруда. Несие бағдарламасының мақсатты аудиториясы - шағын жер телімдері бар шаруашылықтар.

Астана. 20-ақпан. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" Ұлттық холдингінің еншілес компаниясы - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ көктемгі егістік және егіс жинау жұмыстарына 600 млн теңге жұмсауды жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ұлттық холдингтің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өсімдік шаруашылығы саласында агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін көлемді қолдаудың шеңберінде "ҚазАгро" Ұлттық холдингінің еншілес компаниясы - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ - 2010 жылдан бастап АӨК субъектілерін көктемгі егістік және егіс жинау жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған "Егінжай" бағдарламасын жүзеге асыруда. Несие бағдарламасының мақсатты аудиториясы - шағын жер телімдері бар шаруашылықтар.

Несиелердің шағын көлемі мен ауылшаруашылықтық өндірісінің жоғары тәуелсіздігіне байланысты жоғары операциялық шығындар үшін екінші деңгейлі банктер ауылдағы шағын кәсіпкерлерді несиелендіруден көбінесе бас тартатындары белгілі. Мұндай жағдайда "Егінжай" бағдарламасы бойынша несиелендіру - ауылдағылар үшін үлкен көмек болуда.

"Жаңа жылдан бастап несиелеу талаптарына өзгерістер енгізілген", - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаев, - несиенің сомасы 2-ден 6 млн. теңгеге дейін көтеріліп, сыйақы үстемесі 12-ден 9,5% дейін азайтылды. Кепілдік ретінде екінші деңгейлі банктердің кепілдемелері, астық қолхат бойынша өсімдік өнімдері, техника, басқа да кепілдің түрлері қабылданады. Несие беру кезеңінде комиссия және мерзімінен бұрын несиені өтеу жағдайында айыппұл алынбайды.

Негізгі қарыз алушыларға қойылатын басты талаптар - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің, ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы, жағымды несие тарихы, 3 жылдан ұзақ емес мерзімдегі дақылдарды көрсетіп, нақты егін егілген жерлердің әрі қызметті атқарудың нақты уақытындағы өнімділік туралы мәліметтің болуы, егін егетін жерлердің бар екенін растайтын құжаттың болуы.

Өтінімді қарастыру және ол бойынша несие комитеті шешімін шығару рәсімі 5 жұмыс күннің ішінде жасалынады. Жағымды шешім шығарылған жағдайда қарыз және кепілдік туралы келісімдер, кепілдікті өкілетті органдарда тіркеу, қарыз алушының шотына ақша аудару басталады.

"Егінжай" бағдарламасы бойынша несиелеу талаптарын әзірлеу кезінде ауыл шаруашылығының маусымдылығы және қарызды жабу - екі астықты сатудан кейін қарастырылған. Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін өте маңызды болып табылады.

- Үш жылдың ішінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры өз қаржысынан 1732,6 млн. теңгеге 774 жобаны қаржыландырды, - дейді А.Таубаев. - Несие ресурстарының арқасында 419,6 мың гектар жерге егіс егіліп, 1 227 адам жұмыспен қамтылды. "Егінжай" несиелерін ең белсенді болып Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары игеруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны