27.03.2008, 16:50 3462

Ауыл шаруашылық министрлігі өңір әкімшіліктеріне жеміс-жидек және көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі облыстық бағдарламалар жасауды ұсынып отыр

"Облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері бірінші кезекте өндірістің толық теңдестірілуін, оның ішінде, жылыжай, парник шаруашылығын, ішкі рынокты ерте көктемде шығатын көкөніспен қамтамасыз етуді қарастыратын өңірлерді көкөніспен және жеміс-жидекпен қамтамасыз етудің облыстық бағдарламаларын жасаулары қажет деп есептейміз", - деді А. Құсайынова.

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ауыл шаруашылық министрлігі өңірлік әкімшіліктерге жеміс-жидек және көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі облыстық бағдарламалар жасауды ұсынады. Бұл туралы бүгін министрліктің алқа отырысында Ауыл шаруашылық министрлігінің өңдеу өнеркәсібін дамыту және ДСҰ жөніндегі департамент директоры Айна Құсайынова мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері бірінші кезекте өндірістің толық теңдестірілуін, оның ішінде, жылыжай, парник шаруашылығын, ішкі рынокты ерте көктемде шығатын көкөніспен қамтамасыз етуді қарастыратын өңірлерді көкөніспен және жеміс-жидекпен қамтамасыз етудің облыстық бағдарламаларын жасаулары қажет деп есептейміз", - деді А. Құсайынова.

Сонымен бірге, бағдарламаларда жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерінің маусым аралығында жетпей тұрған көлемін республиканың өзге облыстарынан, алыс және жақын шетелдерден тасымалдау және керісінше артық өнімдерді өзге өңірлерге жеткізу бойынша болжамдық кесте қарастырырылуы керек, деп есептейді департамент директоры.

Сонымен бірге, сараптама жүргізіп тоқтап тұрған және өз мақсатына қолданылмай тұрған жеміс-көкөніс қоймаларын қалпына келтіру және болашақта олардың өз мақсатына орай қызмет етуіне жауап беретін нақты жауапты заңды тұлғаларды анықтау шараларын жасап шығару қажет. Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар немесе коммуналдық базарлардың құрылымдары осы ұйымдарға балама бола алатынын атап көрсетті А. Құсайынова.

Сонымен бірге, оның пайымдауынша, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін делдалдарсыз сату үшін ірі сауда орталықтары мен халық тығыз қоныстанған жерлерде сауда орындарын бекіту, қосымша арнайы алаңқайлар, сондай-ақ, көлік құралдарынан және жол жиегіндегі сауданы ұйымдастыру қажет.

Барлық ниет білдірушілерге толық ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылық министрлігі әкімдіктер өңірлердің жеміс-көкөніс өнімдеріне сұранысы мен ұсынысы туралы мәліметтерді оларды сауда базарларында сату шарттарын көрсете отырып өздерінің веб-сайттарында орналастыру мәселесін ойластырғанын жөн санайды.

"Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер кең қатысқан жеміс-көкөніс өнімдерін сату жәрмеңкелерін үнемі өткізіп тұру тәжірибесін жалғастыра беру керек", - деп атап көрсетті А. Құсайынова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны