28.04.2010, 14:10 5221

Ауылдағы инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде қаржыландырылатын дақылдар тізбесі ұлғайтылды

Соя, рапс, мақта, қант қызылшасы және тағы да сол сияқты өсімдіктер, яғни техникалық және май санатына жататын дақылдар өндіру жобалары қаржыландырылады.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan Today - "ҚазАгроҚаржы" АҚ тамшылатып суару технологиясын енгізу бағытында ауылда инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде қаржыландырылатын дақылдар тізбесін ұлғайтатынын жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ҚазАгроҚаржы" АҚ тамшылатып суару технологиясын енгізу бағытында ауылда инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде қаржыландырылатын дақылдар тізбесін ұлғайтатынын жариялады. Бұл жерде соя, рапс, мақта, қант қызылшасы және тағы да сол сияқты өсімдіктер, яғни техникалық және май санатына жататын дақылдар өндіру жайында сөз болып отыр.

Айта кету керек, "ҚазАгроҚаржы" АҚ 2009 жылдан бері республиканың Агроөнеркәсіптік кешенінде алты перспективалық бағыттағы жобаларды қаржыландыруда, олар: қазіргі заман ірі-тауарлық сүт фермаларын, құс фабрикаларын, жылыжай шаруашылықтарын, көкөніс қоймаларын құру және дамыту, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру. Олардың қатарында тағы да бір маңызды бағыттардың бірі - тамшылатып суару технологиясын енгізу де бар. Бұл ретте бұрын бұл бағыттағы инвестжобалар санатына тек жеміс-көкөніс өнімдері өндірісінде тамшылатып суару жүйелерін қолданумен жобалар ғана жататын.

Дақылдар тізбесін ұлғайту туралы шешімді "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ директорлар кеңесі қабылдады, ол техникалық және май дақылдарын өсіретін шаруашылықтардың жолданымдары бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижесі болып табылады.

Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі таңда маңызды техникалық дақылдар өндіру көлемінің азайғаны байқалады. Мысалы, бүгінгі таңда шикізатқа деген қажеттіліктің тек 7 пайызын ғана қамтамасыз ете отырып, қант қызылшасының өндірісі төмендеді. Көбінесе экспортқа бағдарланған өнім болып табылатын мақтаға қатысты экспорттың қысқаруға беталысы байқалады. Бұл өнімді өндіру көлемінің азаюы, өз алдына, болашақта мақтаны қайта өңдеу өндірістерін құру және ұлғайту бойынша жобалар жоспарлайтын инвесторлар үшін жағымсыз жайт болуы мүмкін. Тағы да бір мысал - барлық май дақылдары алаңдарының құрылымында 6 пайыздан азырақ асатын көлемін соя дақылы алады.

Техникалық және май дақылдарын дамыту, сонымен қатар олардың шығымдылығын арттыру және экспорттық әлуетін өсіру мәселелерін шешу жолы тамшылатып суару технологиясын қолдануда.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ тамшылатып суару технологиясын қолданумен жеміс-көкөніс, техникалық және май дақылдар өндірісін дамыту бойынша жобаларды екі құрал арқылы - заем және лизинг арқылы жылдық 6 пайыздық өсіммен 10 жылға дейін мерзімге және 2 жылға дейін жеңілдікті кезеңмен қаржыландырады. Бұл ретте өтінім берген шаруашылық өз жобасының кемінде 15 пайызын ортақ қаржыландыруға тиіс.

Инвестициялық жобаларды іске асыруға өтінімдер қарау кезінде "ҚазАгроҚаржы" өнім өндіруден басқа, оны әрі қарай қайта өңдейтін, қызметі бұйығы бизнес-кезеңге бағытталған шаруашылықтарды да, және өз өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған шаруашылықтарды да қаржыландырмақшы.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ - ҚР үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылық техникалары мен технологиялық жабдықтарына деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ құрамына енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны