14.04.2019, 23:21 12262

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Әлихан Смайылов есеп берді

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары- Қаржы министрі Әлихан Смайылов статистикалық мәліметтермен бөлісіп, есеп берді.

Нұр-Сұлтан. 14 сәуір. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 10 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен әлеуметтік-экономикалық даму бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды, соның бірі Қазақстанның 2019 жылдың 1 тоқсанындағы экономикалық даму көрсеткіштері.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары- Қаржы министрі Әлихан Смайылов статистикалық мәліметтермен бөлісіп, есеп берді.

Биылғы жылдың 1-ші тоқсанында экономикалық белсенділіктің оң қарқыны сақталуда. Оған төмендегі сандар дәлел:

Жалпы ішкі өнім 3,8%-ке өсті;

Жылдық инфляция 4,8% деңгейге дейін төмендеді;

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 7%-ке өсті;

Еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ке дейін төмендеді.

Өнеркәсіп өндірісі 3,2%-ке өсті.

Химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау өнеркәсібі 10%-ке артты. Автокөлік шығару 33%-ке өсті.

Құрылыс жұмыстарың көлемі 8,9%-ке және транспорт - 4,4%-ке өсті.

Ауыл шаруашылығының өсуі 3,6%-ті құрады.

Сыртқы сауда айналымы 2 айда 7,5%-ке өсті, соның ішінде экспорт - 11,1%-ке, ал импорт - 0,3%-ке өсті.

Ішкі сауда көлемі 7,2%-ке ұлғайды.

Ағымдағы жылдың 2 айында екінші деңгейдегі банктердің жаңадан берілген несиелерінің көлемі 1,9 трлн. теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ке көп.

Еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% -ға төмендеді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары нақты көріністе 2018 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 9,4% -ға өсті, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны