09.09.2008, 17:01 3075

Ауыртпалық активтерінің қоры ағымдағы жылдың аяғына дейін құрылып, қапиталы жасақталады - Кәрім Мәсімов

Ауыртпалық активтерінің қоры ағымдағы жылдың аяғына дейін құрылып, қапиталы жасақталады - Кәрім Мәсімов

Алматы. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ауыртпалық активтерінің қоры ағымдағы жылдың аяғына дейін құрылып, қапиталы жасақталады. Бұл туралы бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "Орталық Азия. Инвестициялық мүмкіндіктер. Жаңа Жібек Жолы" конференциясы барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір үкімет мүдделі институттармен бірлесіп осы мәселемен шұғылланып жатыр. Жылдың аяғына дейін қор құрылып, қоры жасақталады", - деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, қорды құру үшін шетелдік институттар тартылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ауыртпалық активтерінің қорын құру отандық банктерде активтерді басқару тиімділігінің төмендеуіне әсер етуге тиіс емес. Бұл туралы бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "Орталық Азия. Инвестициялық мүмкіндіктер. Жаңа Жібек Жолы" конференциясы барысында мәлім етті.

"Тәуекелдерді азайту және банктерді қолдаудың қосымша құралы ретінде, мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда ауыртпалық активтерінің қоры құрылады", -деді үкімет басшысы.

Қордың мақсаты - көбінесе жылжымайтын мүлік түрінде кепілдікпен қамтамасыз етілген активтерге арқа сүйейтін банктерді проблемалы активтерін қайта құрылымдау, қажетті жағдайда оларды сату арқылы қолдауға саяды.

"Алайда мен баршаңызға ескерту жасағалы отырмын. Банктер қорды проблемалы активтерден жеңіл әрі оңай құтылатын тәсіл ретінде қабылдамауы керек. Жекелеген банктердің ойламсыз инвестициялық шешімдері үшін халықтың ақы төлеуге құлқы жоқ", - деді Кәрім Мәсімов. Оның айтуынша, "проблемалы активтер нарықтан нарықтық құнына сай және нарықтық бағаға алынуға тиіс".

"Ауыртпалық активтерінің қорын құру отандық банктерде активтерді басқару тиімділігінің төмендеуіне әсер етуге тиіс емес ", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны