09.10.2012, 19:33 3723

Автоваз Қазақстанда өндіріс орнын ашады

Келсімге және бұрын жасалған меморандумдарға сәйкес жобаның қатысушылары Қазақстанға қарайтын ақционерлік қоғам ретінде "АЗИЯ АВТО ҚАЗАҚСТАН" кәсіпорнын құрады деп жоспарлануда.

Астана. 9-қазан. Kazakhstan Today - Автоваз Қазақстанда өндіріс орнын ашады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Автоваз қазақстандық "Азия авто" АҚ және "Ертіс" ИКК" ҰК" АҚ компанияларымен бірігіп кәсіпорын құруға келісімшарт жасасуда.

Келсімге және бұрын жасалған меморандумдарға сәйкес жобаның қатысушылары Қазақстанға қарайтын ақционерлік қоғам ретінде "АЗИЯ АВТО ҚАЗАҚСТАН" кәсіпорнын құрады деп жоспарлануда.

Алдын ала жоспарланған инвестиция көлемі - 400 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Зауыттың өнімі негізінен Қазақстан, Ресей, Орталық Азия және Кавказ елдерінде таралмақ.

Келісімге сай 2015 жылға дейін зауыттың қуаттылығын жылына 60 мың көлікке дейін апару жоспарланған. Ал дамытудың екінші кезеңінде 120 мыңға дейін жеткізіледі.

Қыркүйекте Павлодар қаласында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы ІХ аймақаралық ынтымақтастық форумында бұл жоба екі ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қодауына ие болған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны