27.04.2022, 17:20 18471

Қазақстан 2022 жылы Грузия арқылы 3 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр

Алдағы жылдары бұл көрсеткішті одан әрі арттыру жоспарланып отыр.
НҰР-СҰЛТАН. 27 СӘУІР - Биыл Қазақстан Грузия арқылы 2-3 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр.
 
Грузияның экономика және тұрақты даму министрлігінің мәліметінше, вице-премьер, экономика министрлігінің басшысы Леван Давиташвили Қазақстан Президентінің арнайы өкілі Ержан Қазыханов бастаған қазақстандық делегациямен кездесті.
 
Қос тарап Грузия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және көлік-логистикалық мәселелерді талқыға салып, бұл салаларда екі елдің әлеуеті жоғары екенін атап өтті.
 

Қазақстандық тарап Грузин дәлізі бойынша жүк айналымын ұлғайтуға мүдделі. 2022 жылы Қазақстан Грузин дәлізі бойынша 2-3 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, алдағы жылдары бұл көрсеткішті одан әрі арттырмақ", - деп жазылған хабарламада.

 
Кездесуде Грузияның көлік инфрақұрылымы Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен Еуропаға жүк тасымалдауға барынша дайын екені айтылды.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны