25.11.2024, 12:19 58341
Қазақстан 2026 жылдан бастап 100 млн тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр
Достарға айту
Қазақстан 2026 жылдан бастап 100 млн тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр, деп мәлім етті Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Мұнай-газ кешенінде елдің дамуында республика бойынша мұнай өндірудің 65%-ды құрайтын үш ірі кен орны маңызды рөл атқарады. Жобаларға жалпы тікелей инвестициялар игеру басталғаннан бері шамамен $185 млрд құрады. Болжам бойынша 2026 жылдан бастап ірі жобаларды іске асыру есебінен мұнай өндірудің жыл сайынғы көрсеткіштері 100 млн.тоннадан астам көлемде күтілуде", деп мәлім етті министр.
Теңізшевройл мұнай өндірудің жылына 12 млн.тоннаға өсуін қамтамасыз ететін Болашақ кеңейту жобасын іске асыруда.
Қарашығанақта 5-ші компрессор бойынша жұмыстар аяқталды, шикі газды кері айдаудың 6-шы компрессорын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл өндіру сөресін жылына 11-12 млн.тонна деңгейінде ұстауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар кен орнында қуаттылығы 4 млрд.м3 газды құрайтын газ өңдеу зауытын (бұдан әрі - ГӨЗ) салу жобасы іске асырылуда. Аяқталу мерзімі - 2028 жылдың соңы.
Қашағанда қуаттылығы жылына 1 млрд. м3 ГӨЗ құрылысы жүргізілуде, ол 2026 жылдан бастап мұнай өндіруді 1 млн.тоннаға ұлғайтуды көздейді.
Бұдан басқа, 2029 жылы қуаттылығы жылына 2,5 млрд.м3 ГӨЗ салу есебінен мұнай өндіру деңгейінің 2 млн.тоннаға өсуін қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Жалпы алғанда, үш ірі жобада мұнай өндіру республика бойынша барлық мұнай өндірудің 70%-ды құрайтын болады, оған шамамен $17 млрд инвестицияланады.
Сонымен қатар, жер қойнауының перспективалы учаскелері бойынша геологиялық барлауға 2030 жылға дейін $5 млрд инвестиция салынады, бұл 2040 жылға қарай 11 млн.тонна мұнай өндіруді қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда, мұнай өндіруге салынған инвестициялар 2030 жылға қарай ірі кен орындарында шамамен $21 млрд құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.12.2025, 18:10 2851
БҰҰ ЭСКАТО: Қазақстан 2025 жылы Солтүстік және Орталық Азия өңірінде жаңа жобаларға инвестиция тарту бойынша көшбасшы
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) өңір елдеріндегі тікелей шетелдік инвестицияларды тарту динамикасына арналған Asia-Pacific Trade and Investment Trends 2025/2026 есебін жариялады, деп хабарлайды "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы.
Есепке сәйкес, Қазақстан 2025 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік және Орталық Азия өңірінде жаңа (greenfield) жобаларға инвестиция тарту бойынша ең ірі алушы болып, шамамен 19 млрд АҚШ долларын тартты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 266% артық.
Солтүстік және Орталық Азиядағы субөңірішілік инвестициялардың шамамен 89%-ы Қазақстанға тиесілі болды, бұл елдің өңірдегі сөзсіз көшбасшылығын қамтамасыз етті.
Солтүстік және Орталық Азия өңірі 2025 жылы жаңа жобаларға инвестиция көлемінің өсуі тіркелген Азия-Тынық мұхиты кеңістігіндегі жалғыз субөңір болғаны аталып өтті, бұл ретте жаһандық инвестициялық белсенділік жалпы төмендеген. Бұл өсімнің негізгі драйвері дәл Қазақстан болды.
Есепте Қазақстан өңірдегі бірқатар ең ірі инвестициялық жобаларды тартқаны баяндалды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, жаңа буын металлургиясы, жаңартылатын энергетика және "жасыл" технологиялар салаларындағы ауқымды бастамалар бар.
Инвесторлардың мынадай бағыттарға қызығушылығының өсіп келе жатқаны бөлек көрсетілді:
• жасыл энергетика және сутек экономикасы;
• өнеркәсіптік қайта өңдеуді дамыту;
• экспортқа және қосылған құнның халықаралық тізбектеріне бағдарланған жобалар.
Жаһандық экономикалық белгісіздік жағдайында инвесторлар инвестициялық шешімдер қабылдауға барынша салмақты түрде қарай бастады, нарықтардың ұзақ мерзімді тұрақтылығына, институционалдық ортаның сапасына және жобаларды сүйемелдеудегі мемлекеттік органдар мен инвестициялық агенттіктердің рөліне ерекше мән беруде. Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан ірі халықаралық компанияларды тарта отырып және ұзақ мерзімді тұрақты өсім үшін негіз қалыптастыра отырып, Еуразияның негізгі инвестициялық хабтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастыруда", - деп атап өтті ЭСКАТО сарапшылары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2025, 18:52 18821
Түркияның ірі инвесторлары Қазақстандағы жобаларын сәтті жүзеге асыруды жалғастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Түркия Республикасындағы елшісі Еркебұлан Сәпиев және Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл Қазақстанда жұмыс істейтін жетекші түрік компанияларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Астанада бидай мен бұршақты терең өңдеу жобасын жүзеге асыра бастаған Tiryaki Holding, Алматыда фармацевтикалық өндіріс жобасының екінші кезеңін жүзеге асырып жатқан Nobel Pharmaceuticals; Үлкен Алматы айналма жолының (ҮАААЖ) құрылысын сәтті аяқтаған Makyol Holding, Алматы халықаралық әуежайын кеңейту және жаңғырту жобасымен айналысып жатқан TAV Havalimanları Holding, Қазақстандағы киім дүкендері желісінің иесі Koton және Қостанай облысында астық өңдеу жобасын жүзеге асыратын Çalık Holding, сондай-ақ Қазақстанда мыс кен орындарын игеру жобаларын қарастырып жатқан бірқатар әлеуетті инвесторлармен мазмұнды келіссөздер жүргізілді.
Кездесулер барысында тараптар қолданыстағы инвестициялық жобалардың ағымдағы жағдайы мен ілгерілеуін, сондай-ақ Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларындағы жаңа бастамалардың перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар, аталған Холдинг басшылары Қазақстан Республикасы Үкіметіне қолайлы инвестициялық ахуал жасауға және шетелдік инвесторларды жан-жақты қолдауға бағытталған саясаты үшін алғыс білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2025, 13:38 19086
Қазақстан мен Таиланд өңірлері сауда, туризм және цифрлық даму салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Таиланд өңірлерімен ынтымақтастықты орнату және дамыту аясында Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Чонбури провинциясының губернаторы Нират Пхонгситтхаворнмен, сондай-ақ Паттайя қаласының мэрі Порамет Нгампичетмен кездесулер өткізді. Кездесулерге сауда-экономикалық, білім беру, мәдениет және туризм салаларына жауапты жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында М. Баймұхан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы тай тарапына жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар Қазақстан мен Таиланд арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары таныстырылды.
Сапар аясында тай тарапы Чонбури провинциясы мен Паттайя қаласының индустриялық, көлік-логистикалық және туристік әлеуетін таныстырды. Паттайя қаласының мэрі П.Нгампичет ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде шетелдік туристерді тарту, қонақүй және қалалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды жолға қоюды атап өтті.
Өз кезегінде Чонбури провинциясының губернаторы Н. Пхонгситтхаворн өңірдің дамуының негізгі қозғаушы күштері Таиландтың Шығыс экономикалық дәлізінің (Eastern Economic Corridor, EEC) бір бөлігі ретінде автокомпоненттер өндірісі, агроөнеркәсіптік өнімдер, жоғары қосылған құны бар тауарлар, сондай-ақ заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту екенін атап өтті. Халықаралық "Утапао" әуежайын кеңейту және Таиландтың шығыс жағалауында орналасқан, елдегі ең ірі әрі стратегиялық маңызы бар терең су порты - "Лаем Чабанг" портын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Чонбури провинциясының аумағында қазіргі уақытта экспортқа бағытталған 4000-нан астам өндірістік кәсіпорын мен 12 индустриялық аймақ жұмыс істейтіні аталып өтті. Лаем Чабанг портының көлік-логистикалық қуаттарын кеңейту 2028 жылға қарай аяқталады деп жоспарлануда. Осыған байланысты губернатор қазақстандық салалық компанияларды бірлескен жобаларға қатысуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға шақырды.
Өз кезегінде қазақ дипломаты Чонбури провинциясы мен Паттайя қаласының басшылығын бизнес-делегациямен Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ Қазақстандағы цифрландыру деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, жасанды интеллект және цифрлық даму салаларында бірлескен жобаларды дамытуға ұсыныс білдірді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы мен Таиланд Корольдігі арасында цифрландыру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға негізделген қажетті құқықтық база бар екені айтылды.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар нақты екіжақты жобаларды өзара тиімді негізде ілгерілету мақсатында Қазақстан Елшілігі мен Таиланд өңірлері арасында тікелей байланыстарды қолдауға уағдаласты.
Чонбури провинциясы - Таиландтың шығыс жағалауында орналасқан, елдегі экономикалық тұрғыдан ең дамыған өңірлердің бірі. Провинция Шығыс экономикалық дәліздің (EEC) негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және өнеркәсіптік өндіріс, автомобиль жасау және автокомпоненттер шығару, агроөнеркәсіп, мұнай-химия, логистика және экспортқа бағдарланған салаларға маманданған. Мұнда Таиландтағы ең ірі Лаем Чабанг порты және өңірдің мультимодальды көлік байланысын қамтамасыз ететін "Утапао" халықаралық әуежайы орналасқан.
Паттайя қаласы ерекше әкімшілік мәртебеге ие Таиландтың жетекші қалаларының бірі. Халықаралық туризмнен бөлек, қала MICE-индустриясын (іскерлік туризм, халықаралық көрмелер мен конференциялар), теңіз логистикасын, спорттық инфрақұрылымды, цифрлық және "ақылды қала" шешімдерін белсенді дамытып келеді. Паттайя Таиландтың шығыс жағалауын орнықты дамыту стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 21:22 5436
Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді: экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі одан әрі шаралар қаралды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында экономиканың өсуін қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Отырысқа Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев, Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттіктерінің басшылығы және тағы басқалар қатысты.
2025 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсуі 6,4%-ды құрады. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың табысын арттыру мақсатында Президент тапсырмасы бойынша әзірленген Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған халықтың әл-ауқатын тұрақтандыру және арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жүргізіліп жатқан бюджеттік-салықтық реформалар фискалдық саясатты жаңғыртуға және бизнес үшін әкімшілік кедергілерді кешенді түрде төмендетуге бағытталған.
Сондай-ақ жиында 2026 жылдың негізгі сыртқы және ішкі сын-қатерлері қаралды, жаһандық экономикадағы өсімнің баяулауы туралы болжамдар бар трендтер ұсынылды.
Кеңес мүшелері экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, өнімді жұмыс орындарын құру және медиандық жалақы мөлшерін арттыру бойынша алдағы шараларды талқылады. Нарықты отандық тауарлармен толықтыруға бағытталған импортты алмастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, оның ішінде "Инвестицияға тапсырыс" бағдарламасы халықтың табысын қолдауға ықпал етпек.
Қазақстандық өнімдердің сапасын жақсарту және заманауи технологияларды енгізу арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы әлемдік нарықтарға дайын өнім экспортын ұлғайта отырып, шикізат экспортынан жоспарлы түрде бас тартып жатыр, бұл өз кезегінде әртараптандырылған құрылымның қалыптасқанын айғақтайды.
Сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы жеке инвестициялардың үлесін арттыруға назар аударылды. Экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы екінші деңгейлі банктердің рөлін арттыру және шетелдік инвестицияларды мультипликативтік әсері бар ірі жобаларға бағдарлау қажеттігі атап өтілді.
Премьер-министр инфляция деңгейін төмендету міндетіне басымдық берілетінін атап өтті. Бұл жерде мәселе азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың, қызметтер бағасының тұрақты төмендеуі туралы болып отыр.
Күрделі сыртқы конъюнктураға қарамастан, еліміздің экономикасы даму үстінде. Құрылымдары бойынша қарасақ, өңдеу, құрылыс, сауда және көлік саласы өсуде. Яғни, өсім тең жағдайда жүріп жатыр. Біз инфляция бойынша төмендеу үрдісін көріп отырмыз. Бағытымыз - инфляцияны төмендету бойынша алдымызға қойылған міндеттерді сапалы орындау", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Отырыс қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық банкпен, Стратегиялық жоспарлау және реформалар, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіктерімен бірлесіп, экономикалық ахуалға мониторинг жүргізу және ықтимал тәуекелдердің алдын алу жөнінде келісілген іс-қимылдарды жедел жүзеге асыру тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 17:18 4231
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын Үкімет тарапынан Ұлттық экономика министрлігі қадағалайды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Отырыс барысында "Қазақстан фарммединдустрия" фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов шикізат пен субстанциялардан дайын дәрі-дәрмек, медициналық бұйым, қызметке дейінгі тізбектің барлық кезеңінде денсаулық сақтау саласына бірыңғай 5% ҚҚС мөлшерлемесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ол 2026 жылдан бастап медициналық өнімге салық салу жүйесі көп деңгейлі және күрделі болатынын атап өтті:
- шикізат пен жабдық - 16% ҚҚС;
- ТМККК және МӘМС аясындағы дәрі-дәрмек - 0%;
- дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар импорты және өткізу - 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%.
Саладағы мұндай үлгі отандық препараттардың әкімшілік шығыны мен құнын арттырады. 5% ҚҚС бірыңғай мөлшерлемесі әкімшілендіруді жеңілдетуге, тең бәсекелестік жағдайына және бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік береді. Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексін енгізудің алғашқы нәтижесі белгілі болған соң, 2026 жылғы екінші жартыжылдықта бұл мәселені қайта қарауды ұсынды.
Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары тізбесін кеңейту, оның шағын және бөлшек бизнес қызметіне, сондай-ақ импорттық өнім бағасына әсерін талқылады. Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті бизнестің бірқатар ұсынысын ескергені атап өтілді. Олар - логистика мен сақтауға жұмсалатын шығыстар шегерімге енгізіліп, ӘМАТ-тағы жаңа позициялар тізбесі қысқартылды. Мал шаруашылығын дамыту, мұнай сервистік компанияларда жұмыспен қамту, өңдеу өнеркәсібіндегі тариф белгілеуде сараланған тәсіл енгізу мүмкіндігі өз алдына бөлек қарастырылды.
Отырыс қорытындысында Үйлестіру кеңесінің жұмысын Үкімет тарапынан Ұлттық экономика министрлігі қадағалайтыны туралы шешім қабылданды. Барлық айтылған ұсыныс, проблемалық мәселе түйінделіп, мүдделі мемлекеттік органдардың, "Аманат" партиясы мен "Атамекен" ҰКП-ның қатысуымен одан әрі пысықтауға Үкіметтің бақылауына алынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 15:20 5591
Олжас Бектенов арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиынға қаржы, өнеркәсіп және құрылыс министрлері, "Бәйтерек" холдингі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының басшылығы қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда 17 арнайы экономикалық және 66 индустриялық аймақ жұмыс істейді, онда жеке инвестиция көлемі 5,7 трлн теңгеден асатын және 57,2 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 860 жоба жүзеге асырылды.
Өнеркәсіп алаңдарының инвестициялық тартымдылығын айқындау кезінде инфрақұрылымның дайындығы маңызды мәселе болып отырғаны атап өтілді. Осыған байланысты қосымша инфрақұрылымның, оның ішінде қосалқы стансалар мен көлік желілерінің құрылысы белсенді түрде жүзеге асуда.
Үкімет республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты қоса алғанда, бюджеттен тыс қаражат тарту бойынша шаралар қабылдауда.
2030 жылға дейін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету арқылы АЭА және ИА аумақтарында шамамен 200-ден астам жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және өңдеу өнеркәсібінің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде 2025-2029 жылдар аралығында 140 жоба пайдалануға берілмек.
Тұтастай алғанда, осы жобаларды жүзеге асыру өңдеу саласының жалпы қосылған құнын ұлғайту арқылы Қазақстан экономикасына үлес қоспақ.
Премьер-министр Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Қаржы министрліктеріне 2026 жылғы 15 қаңтарға дейін "Бәйтерек" холдингіне қаржыландыру көздері бойынша түпкілікті шешімді беруді және АЭА мен ИА-ға қажетті инфрақұрылымды жүргізу жобаларын жүзеге асыруға дереу кірісуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 09:55 6101
Қазақстанда 14,1 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
Достарға айту
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 103 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі - ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 537 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 244 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады - тиісінше олар 3 784 және 1 271 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 299 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 970 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 817 жұмыс беруші бар. Оларда 334,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер: құрылыс саласында - 4 993 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы - 2 316 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 1 235 адам, өңдеу өнеркәсібі - 1 155 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай - 5 604 адам,
Өзбекстан - 2 110 адам, Түркия - 1 036 адам, Үндістан - 943 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін естеріңізге саламыз. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген, ал осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты министрдің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.
Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап маусымдық шетелдік жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптер тізбесінің кеңеюіне байланысты министрдің бұйрығымен жалпы квота республикадағы жұмыс күші санына қатысты 0,25% немесе 19,4 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.
Бүгінгі таңда өңірлердің қажеттілігін ескере отырып, бұл квота 16,7 мың бірлікке дейін қысқартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2025, 10:57 7976
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,8 трлн астам теңгеге зейнетақы төленді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 трлн 868 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге - 1 трлн 252,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге - 2 трлн 615,6 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 524 мың адам.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 669 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 096 теңге, базалық зейнетақы - 47 573 теңге.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары - 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 110% белгіленеді.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.12.2025, 09:022026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі 29.12.2025, 10:57 18666Словениядағы Ақпараттық ғылымдар институты (IZUM) Қазақстанмен цифрлық саладағы өзара іс-қимылды нығайтуда29.12.2025, 11:12 18376Қазақстан АЭХА-мен техникалық ынтымақтастықты нығайтуда29.12.2025, 12:02 16171Қазақстан мен Солтүстік Македония білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда29.12.2025, 13:22 13436Ереванда Қазақстан мен Армения арасында туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды
23.12.2025, 20:50 102576Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады23.12.2025, 21:59 82406Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті23.12.2025, 19:29 77056Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады25.12.2025, 16:25 61101Қазақстан мен Израиль "жасыл" технологиялар және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда25.12.2025, 15:23 56236Нью-Делиде қазақ-үнді қатынастарының жылдық қорытындылары талқыланды
17.12.2025, 17:47 231821Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227341Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225621Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222621Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213606Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

