05.07.2022, 15:36 15316

Қазақстан Башқұртстанмен әуе қатынасын ашады

Ресейлік "Азимут" әуе компаниясы Нұр-Сұлтан - Уфа бағытында әуе рейстерін іске қосады.
Қазақстан Башқұртстанмен әуе қатынасын ашады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 5 ШІЛДЕ - Ресейлік "Азимут" әуе компаниясы Нұр-Сұлтан - Уфа бағытында әуе рейстерін іске қосады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының Үкіметі арасындағы "Ынтымақтастықты дамытудың 2022–2024 жылдарға арналған жол картасын" іске асыру шеңберінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдауды одан әрі қалпына келтіру және ашу мақсатында, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Башқұртстан Республикасының Көлік және жол шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тұрақты жолаушылар рейсін ашу мәселесін талқылады", - деп хабарлайды ҚР Азаматтық авиация комитеті.

 
Осылайша, ресейлік "Азимут" әуе компаниясы ағымдағы жылдың 8 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан–Уфа бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен жұма күндері тұрақты жолаушылар рейсін жүзеге асыруды жоспарлап отыр. 
 
Ұшулар RRJ-95 типті ұшақтарда орындалады. Билеттерді Azimuth Airlines ресми сайтында алуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны