25.10.2019, 18:14 22436

Қазақстан көмірінің РФ аумағы арқылы Украинаға транзитінің рұқсат етілген көлемін айына 140 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік алды

Осылайша, Қазақстан украиналық әріптестеріне тек шілде-қыркүйекте ғана 340 мың тоннаға жуық көмір жеткізе алмады.

Алматы. 25 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан көмірінің РФ аумағы арқылы Украинаға транзиті мәселесі бойынша келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан тарапы транзиттің рұқсат етілген көлемін айына 140 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік алды.

Бұдан бұрын, ағымдағы жылдың шілдесінен бастап рұқсат етілген транзит көлемі ай сайын 90 мыңтоннадан аспаған.

Ресей Федерациясының бірқатар қазақстандық тауарының транзитіне ағымдағы тыйым салуы тауарлар транзитінің бостандығын шектей отырып, Еразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізгі қағидаттарының беделін түсіреді.

РФ-ның транзитке шектеу қолдануы Қазақстанның көмір өнеркәсібінің экономикалық ахуалында теріс көрініс табады. Алдын ала есептер бойынша, көмір жеткізудің қысқаруынан қазақстандық көміршілердің ай сайынғы шығындары 11 млн АҚШ долл. астам құрайды.

Шілдеде қазақстандық тарап РФ аумағы арқылы Украинаға 103,5 мың тонна көлеміндегі транзит бойынша жоспарды баяндаған, ресей тарабы 60,2 мың тонна көлемінде квотаны мақұлдаған. Тамызда 240,8 мың тонна сұратылған, 86,5 мың тонна мақұлданған. Қыркүйекте өтінім бойынша 189,7 мың тонна болса, ресейлік тарап 86,5 мың тоннаға дейін қысқартқан. Қазанда 191,9 мың тоннаға өтінім жасалса, РФ 86,5 мың тоннаны мақұлдаған.

Бұл ретте, тіпті осы төмендетілген көлемінің кеш алынуы украин сатып алушыларының қазақстандық тауардан бас тартуын тудырды.

Келісімшарттарда көмірді жөнелту станцияларынан сатып алу туралы сатып алушылардың міндеттері жиі келісіледі. Келісілген транзиттің саны туралы ақпараттың кеш берілуі әкетуді алдын ала жоспарлауға мүмкіндік бермейді. Бұл жеткізудің мерзімін бұpушылыққа және келісімшарттан бас тартуға әкеп соқты.

Одан басқа, вагондарды Ресей темір жолдарының негізсіз тоқтату фактілері шықты.

Мысалы, шілдеде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ 80,4 мың тонна транзитке өтінім берген. Ресейлік тарап 55,2 мың тонна транзит көлеміне келісім берген, алайда кешірек бұл көлем үш есе (!!!) азайтылған және 13,6 мың тоннаны құрған. Нәтижесінде 189 вагон "тастанды" сипатымен ресей-украина шекара асуының маңында РТД ААҚ тоқтатылған.

Осылайша, Қазақстан украиналық әріптестеріне тек шілде-қыркүйекте ғана 340 мың тоннаға жуық көмір жеткізе алмады.

Транзитті шектеуді жою мәселесі қазақстан-ресей үкіметаралық комиссиясының шегінде қаралды, ол Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылғы 15-16 қазанда өтті.

Келіссөздердің нәтижесі Украинаға 120 мың тонна көлемінде қазақстандық көмірді ай сайынғы жеткізуі, 40 % өсуі болды.

Сонымен қатар, ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтқандай, "ұсынылған мөлшер қазақстандық экспорттаушылардың сұранысын толық көлемде жаппайды".

"Қазақстандық экспорттаушылар қарашаға РТД Украинаға 200 мың тоннадан астам (204.61 мың тонна) транзитке өтінім берді. Ресей тарабы бір жақты тәртіппен экспортымызды шектеп отыр, біздің ойымызша, бұл кедергі болып табылады," - деп атап өтті ҚР СИМ басшысы.

Б. Сұлтанов: "Біз екі жақты форматта сияқты, сондай-ақ ЕАЭО алаңында ресей тарапымен келіссөздерді жалғастырамыз. Еуразиялық экономикалық одақ барлық қатысушыларға тең құқылы шартқа кеіплдік береді. Оның ішінде, үшінші елдерге біздің тауарлардың еркін тарнзитін қамтамасыз ету. ЕАЭО бойынша әріптестерімізідің іс-әрекеттері басқа елдермен экономикалық байланыстарға бөгет болмауы тиіс".

Анықтама:

Украинаға ресей көмірін экспорттауды шектеу Ресейдің ішкі нарығында осы тауардың шамадан тыс көп болуына әкеп соқты. Нәтижесінде ресей тұтынушылары қазақстандық көмірден бас тарта бастады. РФ-те сатылып жатқан көлемге баға елеулі төмендеді, бұл көмір өндіруші кәсіпорындарды қаржылай шығынға душар етті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны