07.10.2025, 19:46 71516

Қазақстан мұнайын Германияға жеткізу көлемі 2026 жылы ұлғаяды

Қазақстан мұнайын Германияға жеткізу көлемі 2026 жылы ұлғаяды
Сурет: Depositphotos

ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Rosneft Deutschland GmbH бас директоры Йоханес Бремермен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазМұнайГаз баспасөз қызметінен.


Келіссөздер барысында Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдау мәселелері талқыланды. Тараптар өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мұнайын Германияға жеткізу жөніндегі қолданыстағы келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды (Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. ресурсынан). Келісімде мұнай жеткізу көлемін айына 100 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген.

Сонымен қатар 2024 жылы ҚМГ Қашаған Б.В. ресурсынан, ал 2025 жылы "Теңізшевройл" ЖШС ресурсынан да мұнай жөнелтіле бастағанын айта кеткен жөн.

2025 жылдың тоғыз айында Шведт мұнай өңдеу зауытына экспортталған Қазақстан мұнайының көлемі шамамен 1,5 млн тоннаны құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны