04.05.2019, 22:56 12875

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысы туралы мәселелер талқыланды

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дәлме-дәл декларацияны анықтауға, импортталатын тауарлар туралы сенімді ақпарат алмасуға бағытталған шараларды күшейтуге келісті.

Нұр-Сұлтан. 4 мамыр. Kazakhstan Today -Қазақ-қырғыз тараптары дұрыс тапсырылмайтын декларацияны анықтауға, импортталатын тауарлар туралы сенімді ақпарат алмасуға бағытталған шараларды күшейтуге келісті.

2019 жылғы 4 мамырда Бішкек қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М.Сұлтанғазиевтің Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы А. Онолбековпен екіжақты кездесуі өтті.

Қазақстандық тарапының бастамашылығы бойынша 2017 жылы 2 желтоқсанда бекітілген екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жол картасы, сондай-ақ шекаралық, көлік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау, кедендік және салықтық әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастық бойынша Жол картасының орындалуы туралы нәтижелерді талқылау бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуде қазақстан-қырғыз шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысы туралы мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дәлме-дәл декларацияны анықтауға, импортталатын тауарлар туралы сенімді ақпарат алмасуға бағытталған шараларды күшейтуге келісті.

Тараптар белгілі бір тауар топтарына қатысты шығын тәуекелдерінің көрсеткіштерін біріздендіру бойынша жұмысты аяқтауға келісті, сондай-ақ бірлескен құндық тәуекел көрсеткіштерін қосымша біріктіру бойынша ұсыныстармен алмасуды, Қытай Халық Республикасынан тауарлар әкелу кезінде ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды.

Кездесу соңында қызмет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады және жұмыс кездесуінің хаттамасына қол қойды, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны