17.07.2019, 12:23 9354

Қазақстан Республикасында салық рақымшылығы жүргізіліп жатыр

2018 жылғы 1 қазандағы жағдайы қала бойынша 15 964 шағын және орта бизнес субьектілерінде өтелмеген салықтық берешегі болған, олардың бересі сомасы - 27,6 млрд. теңге, өсімпұлдар - 16,3 млрд. теңге, айыппұлдар - 1,8 млрд. теңгені құрайды.

Нұр-Сұлтан. 17 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасынның тұңғыш президентінің тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнестері үшін бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару негізінде қазіргі таңда салық рақымшылығы жүргізіліп жатыр.

2019 жылғы 11 шілдесіндегі жағдай бойынша жалпы Алматы қаласы бойынша 7 009 салық төлеушілер салық бересін өтеді, олар бойынша 1,0 млрд. теңге сомасындағы өсімпұл 338,7 млн. теңге және 7,8 млн. теңге сомасындағы айыппұл есептен шығарылды.

2018 жылғы 1 қазандағы жағдайы қала бойынша 15 964 шағын және орта бизнес субьектілерінде өтелмеген салықтық берешегі болған, олардың бересі сомасы - 27,6 млрд. теңге, өсімпұлдар - 16,3 млрд. теңге, айыппұлдар - 1,8 млрд. теңгені құрайды.

Салықтық рақымшылық ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасатынына назар аударамыз, осыған байланысты, шағын және орта бизнес субьектілеріне жинаған қарыздардан құтылу және мемлекеттік кірістер органдарынымен қойылған шектеулердің күшін жою мүмкіндігі бар екенін еске саламыз.

Сонымен қатар, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық міндеттемелер бойынша жеке тұлға мен негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығару жолымен жүргізілетін алдағы салықтық рақымшылық туралы жеке тұлғалар - салық төлеушілердің назарына жеткіземіз.

Салықтық заңнамаға сәйкес түзетулер қазіргі уақытта Парламент мәжілісінде қарастырылуда.

Семинар мәселелерінің екінші бөлігі камералдық бақылау жүргізудің кейбір аспектілерімен байланысты.

Салық кодексінің 96-бабына сәйкес хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, салық төлеуші анықталған бұзушылықтар бойынша қағаз және электронды түрде түсініктеме береді, сонымен қатар осы түсіндірмелерді ұсынуға болмайтын бірқатар жағдайлар бар, сондай-ақ хабарламаны орындалмаған деп тану мерзімдерінің мәселесіне ерекше назар аударылады және хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімге одан әрі шағым жасалады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны