Қазақстан Республикасының ішінде пайда болған кірістерге Салық кодексіне сәйкес салық салынады, ал шетелден түскен кірістерге салық салынбайды
Алматы. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасын қолдану ұсынылады.
Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Конституциялық заңға түзетулерді таныстырған Бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.
Б.Шолпанқұловтың айтуынша, заңнамалық түзетулерге сәйкес инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасын қабылдау, сондай-ақ АХҚО-ның қызметімен байланысты нақтылаушы нормаларды енгізу ұсынылады.
Инвестициялық резиденттік бағдарламасы - қазіргі әлемде айтарлықтай кең таралған құбылыс және бүгінде резиденттік бағдарламасының екі түрін ұсынатын 80-нан астам осындай бағдарлама жұмыс істейді.
Бірінші түрі - АҚШ, Канада, Испания сияқты елдерде, сондай-ақ Латвия мен Грецияда іске асырылып жатқан бағдарламалар, олар инвестициялардың орнына тұруға ықтиярхат береді.
Бағдарламаның екінші түрі инвестициялық визаны және елдің салық резиденттігін алуды (яғни, инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасы) қамтиды. Мұндай елдердің қатарында Италия, Швейцария, Кипр мен Ұлыбритания бар.
"Қазақстанда бағдарламаның екінші түрін - инвестициялық салық резиденттігін қолдану ұсынылады.
Осылайша, заң жобасында "инвестициялық резидент" ұғымы мен инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы енгізу қарастырылған", - деп атап өтті Берік Шолпанқұлов.
Оның айтуынша, Инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы АХҚО актісімен бекітіледі, бірақ міндетті түрде уәкілетті мемлекеттік органдармен, атап айтқанда, Ұлттық экономика, Сыртқы және Ішкі істер министрліктері, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісілетін болады.
Бағдарламада инвестициялаудың көлемдері мен құралдары, инвестициялық салықтық резиденттікті алу рәсімдері анықталатын болады.
"Инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасының негізгі тұжырымдамасы - инвесторлар мен олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына көпреттік кіру визасын алуға айырбастап, инвестициялар тарту.
Әлеуетті инвесторлар АХҚО биржасында айналатын қаржы құралдары мен бағалы қағаздарға өз қаражаттарын инвестициялайтын болады", - деп Б. Шолпанқұлов түсінік берді.
Сондай-ақ заң жобасы инвестициялық салық резиденттеріне Қазақстан Республикасынан тыс көздерден түскен кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуден босатуды ұсынады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының ішінде пайда болған кірістерге Салық кодексіне сәйкес салық салынады, ал шетелден түскен кірістерге салық салынбайды.
Б. Шолпанқұлов атап айтқандай, бұл өз салық шығыстарын оңтайландыруға талпынатын инвесторлардың мүдделері үшін жасалуда, осылайша ол елдің инвестициялық тартымдылығын арттырады.
Түзетулердің екінші блогы АХҚО-ның қызметіне байланысты нормаларды нақтылайды.
Бірінші вице-министрдің пікірінше, АХҚО-ны қаржыландыруға бюджеттен бөлінетін нысаналы аударымдарды ҚҚС-тан босату қажет.
Түзетулер резидент еместердің АХҚО-ға көрсеткен қызметтерін/жұмыстарын ҚҚС салуға жататын айналым деп санамауды да ұсынады.
Салық кодексінде АХҚО қатысушыларының қызметтері кірмейтін ҚҚС-тан босатылған қаржы қызметтерін іске асыру бойынша айналымдар тізімі анықталған (397-бап). Сондықтан заң жобасында АХҚО қатысушыларының қызметтеріне ҚҚС төлеуден босату қарастырылған.
Сонымен қатар, "Астана" халықаралық қаржы орталығының органдары сатып алу рәсімдерін реттейтін актілерді қабылдауға құқылы болады.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстан мен Солтүстік Македония инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚМГ зауыттарының мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлемі ең жоғары тарихи межеге жетті
Биылғы 11 айда зауыттарымыз ең жоғары межеге жетті - 16,6 млн тонна мұнай өңделді. МӨЗ ұжымдарының жұмыла жұмыс істеуінің арқасында өңдеу көлемін ұлғайтып қана қоймай, жеңіл мұнай өнімдерінің шығару деңгейін едәуір арттырдық. Нәтижесінде елімізді қажетті отын көлемімен қамтамасыз еттік", - деді ҚМГ басшысы.
Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС (ПМХЗ) жоспарлы алдын алу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, нарықты қосымша отын көлемімен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта кәсіпорын пайдаланудың жөндеуаралық кезеңін ұлғайту жөніндегі жобаны белсенді іске асыруда. Бұл шаралар кешені өндірістің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол жабдықтар мен негізгі тораптарды техникалық тұрғыдан жаңартуды, шикізат ағындарының конфигурациясын өзгертуді, сондай-ақ заманауи автоматтандырылған басқару жүйелерімен жабдықтауды қамтиды. Биылғы жұмыстың қорытындысы бойынша ПМХЗ 5,76 млн тоннаны өңдеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 74% деңгейінде болады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Түркістан облысында қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы басталды
Бүгін өңіріміздің ғана емес, бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен "жасыл экономикаға" көшу жолындағы маңызды жобалардың бірі - қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының іргетасын қалау рәсіміне жиналып отырмыз. Түркістан облысы - ауа температурасы ең жоғары аймақтардың бірі. Сондықтан жаңартылатын энергия жобаларын дамыту, күн қуатын пайдалану - өңіріміз үшін аса тиімді әрі болашағы бар бағыт. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін құйылатын инвестиция құны шамамен 160 млрд. теңгені құрайды. Жоба аясында 500-ге жуық жұмыс орны ашылады деп көзделуде және жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі бастама - экологиялық таза, тұрақты даму жолына түскен Түркістанның болашағына салынған инвестиция. Бұл жоба облысымыздың энергия инфрақұрылымын нығайтып қана қоймай, халықаралық инвесторлар үшін өңірдің тартымдылығын арттыра түседі. Осы жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметіне, барлық министрліктер мен мекемелерге, сондай-ақ серіктес компания "Energy China" басшылығына алғыс айтқым келеді. Ынтымақ пен сенімге негізделген серіктестігіміз алдағы уақытта да табысты жалғаса беретініне сенімдімін. Бүгінгі салтанатты рәсім - үлкен жұмыстың бастамасы. Жобаның табысты жүзеге асуына тілектеспін", - деді Нұралхан Көшеров.
China Energy Engineering Overseas Investment Company" директорлар кеңесінің төрағасы Линь Сяодань жобаның техникалық, экологиялық және инвестициялық қырларына тоқталып, оны сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыруға дайын екендерін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Испаниялық компания Қызылорда облысындағы зауыт құрылысына 44 млрд теңге инвестиция салады: инвестициялық келісімге қол қойылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
9 апатты энергия көзі жөнделді, жылу желілерінің тозуы 25%-ға төмендеді
Инфрақұрылымды қалпына келтірумен қатар жаңа қуат көздерін іске қосу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. 2025 жылы Текелі энергетикалық кешенінде газотурбиналық қондырғылар пайдалануға берілді, ал Топар МАЭС-інде (мемлекеттік аймақтық электростанса) 130 мегаватт қуаттылығы бар жаңа турбоагрегат сәтті іске қосылды. Энергетикалық жүйе сұраныстың алдын орап, рекордтық көрсеткіш сағатына 118 млрд киловатт электр энергиясын өндірді", - деді Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Соңғы 25 жылда электр энергиясын тұтыну 2,5 есеге өсті: Үкімет Президент тапсырмасы бойынша жаңа қуат көздерін іске қосуда
Үдеріс бір орында тұрмайды. Бүгінде елімізде екі суперкомпьютер жұмыс істейді - AlemAI және AI Farabium. Жасанды интеллект, суперкомпьютерлер дамуы, деректер орталықтарының құрылысы және өнеркәсіптік өндірістің өсуі нәтижесінде электр энергиясын тұтыну көлемі сөзсіз артады.
Бұл жобалардың барлығы ұлттық энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, Қазақстанның мақсаты - 2035 жылға қарай электр энергиясын өндіруді екі есеге арттыру", - деп қорытындылады сөзін Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға ұлғайды
Мұнай-газ химиясындағы өнім өндірісінің көлемі 12%-ға өсті. Қазақстан терең өңделген полипропилен, бензол және параксилол сынды өнімдерді сыртқы нарықтарға жүйелі түрде жеткізуді бастады", - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі зауыттарды жаңғырту есебінен 40 млн тоннаға жетпек
Биыл мұнай өңдеу саласын 2040 жылға дейін дамытуға арналған ұзақмерзімді өндірістік бағдарлар бекітілді. Олар қуаттарды ұлғайту, өнім сапасын арттыру және ғылыми-технологиялық шешімдерді енгізу қағидаттарына негізделген. Негізгі мақсатты көрсеткіш - қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту және қуаттылығы жылына 10 миллион тоннаға дейінгі жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру арқылы мұнай өңдеу көлемін 18 миллион тоннадан 39 миллион тоннаға дейін арттыру", - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 22:01Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді 15.12.2025, 23:10 174621Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 174371Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 171121Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты17.12.2025, 11:28 138741Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
10.12.2025, 17:08 183781Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады15.12.2025, 22:01 174921Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 174621Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 174371Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 171121Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты

