02.11.2021, 19:51 28176

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттауда

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттауда
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 2 ҚАРАША - Қазақстанда бір айда (2021 жылғы қазан 2021 жылғы қыркүйекке) баға азық-түлік тауарларына – 0,7%, азық-түлік емес тауарларына – 1%, ақылы қызметтерге 0,5% жоғарылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстанда азық-түлік тауарлары бір жылда 10,8%-ға, қазанда 0,7%-ға қымбаттады.
 

Бағаның өсуі жұмыртқаға – 7,2%, жаңа жиналған көкөністерге – 5,5%, құмшекерге, құс етіне – 1,4%-дан, картопқа – 1,2%, нанға – 0,7%, пастерленген сүтке – 0,6%, айранға, шошқа етіне, қарақұмық жармасына – 0,5%, шұжық, макарон өнімдеріне, ұнға 0,4%-дан байқалды. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған жемістерге 1,5% тіркелді", - деп хабарлайды Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

 
Азық-түлік емес тауарлардың бағасы бір жылда 6,6%-ға өсті, бұл ретте ағымдағы жылдың қазан айында - 1%-ға өсті.
 

Баға өсімі автомобильдерге – 3,4%, тұрмыстық тауарларға – 1,1%, киім және аяқ киімге, фармацевтикалық өнімдерге 0,4%-дан құрады. Жазғы дизель отыны – 16,6%, баллондағы сүйытылған газ – 6,4%, ағаш – 2,6%, тас көмір – 2%, бензин 0,9% қымбаттады", - деп хабарлады ведомствода.

 
Қазақстанда ақылы қызметтер бір жыл ішінде 5,3%-ға, қазанда 0,5%-ға қымбаттады.
 

Баға деңгейі қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне, моншаға бару 1%-дан, денсаулық сақтау қызметтеріне – 0,5%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтеріне 0,4% жоғарылады. Тұрғын үйді жалға беру үшін төлем 1,1% өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру – 0,8%, таксимен жол жүру 0,6% қымбаттады, ал жолаушылар әуе көлігімен жол жүру 2,4% арзандады", - делінген есепте.

 
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына – 1,1%, ыстық суға – 0,2% өсті, ал орталықтан жылыту 0,4% төмендеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны