08.01.2026, 19:15 69426

Қазақстанда банктік қарыздар бойынша шекті мөлшерлеме белгіленді

Қазақстанда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейлері айқындалды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Осылайша, банктік қарыздар бойынша ең жоғары жылдық мөлшерлемелер белгіленді:

  • кепілсіз банктік қарыздар бойынша - 46%;
  • кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша - 35%;
  • ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша - 25%.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 46%-дан аспауы тиіс.

Ал мерзімі 45 күнге дейінгі және сомасы 45 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын микрокредиттер бойынша мөлшерлеме тәулігіне 0,3%-дан, ал жылдық есеппен 179%-дан жоғары болмауы қажет.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны