01.12.2019, 17:35 2842

Қазақстанда биылдан бастап салық төлеушілер тәуекел дәрежесіне қарай санатқа жатқызылуда

Осылайша, 2019 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған 60 385 салық төлеуші 41,6 млрд.теңге сомасында салық берешегі бар, осы жалпы Республикалық салық берешегі сомасының 12,1% құрайды.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық салық төлеушілердің қызметін тәуекел дәрежесінің төмен, орташа немесе жоғары санатына жатқызу арқылы санаттау енгізілді.

Салық кодексінің нормаларымен салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары төмен тәуекел деңгейге жатқызылған салық төлеушілерге қатысты қабылданбайды, осы салық мәдениеті және салық төлеушілер мен салық органдары арасындағы сенім дәрежесін арттыруға, сонымен қатар салық органдар жағынан мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қабылдасыз, салық төлеушілерді салықтық берешегін дербес төлеуге ынталандыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласында заңнамасына сәйкес, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтемеген жағдайда, тәуекелі төмен санатқа жатқызылған салық төлеушілерге өндіріп алу шаралары қабылданбайды ("Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28 - бабы, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17 - бабы, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабы).

Сонымен бірге, тәжірибе көрсеткендей, тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған салық төлеушілер ұзақ мерзімі салық берешегін және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегін өтемейді.

Осылайша, 2019 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған 60 385 салық төлеуші 41,6 млрд.теңге сомасында салық берешегі бар, осы жалпы Республикалық салық берешегі сомасының 12,1% құрайды. Бұл ретте аталған санының 42 218 салық төлеушілер немесе 80% бір айдан астам уақыт ішінде салық берешегін өтемейді.

Бұдан басқа, тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған 122 711 агенттерде әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар (әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар барлық агенттерден 47% құрайды), ал оның берешегінің сомасы 1,6 млрд. теңге құрайды немесе әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі сомасынан 26%.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған салық төлеушілердің күнтізбелік отыз күннен астам салық берешекті және (немесе) әлеуметті төлемдер бойынша берешекті өтемеген жағдайда тәуекел деңгейі қайта қарастырылатыны туралы ақпарат Салық төлеушінің кабинеті веб-қосымшаға жіберілгенін атап айту қажет.

Алайда, тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған және салық берешегі бар 80% салық төлеушілер салық берешекті бір айдан астам өтемейді, осымен салық төлеушілер басты міндетін орындамайды - ұақытында және толық мөлшемде салықтарды және бюджетке басқа да төлемдерді өтеу.

Жұмыс берушімен мұндай берешекті өтемеуі болашақта есептелген зейнетақы төлемдердің мөлшерін азайтуға келтіреді, бұл өз кезегінде азаматтардың жаппай наразылығын туғызады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі дағдарыстық ахуалдарға қарсы алатын, жұмыс істейтін азаматтар мен олардың отбасыларын кенеттен тәуекелден (еңбек қабілеттігін айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айрылу және т.б.) сенімді қорғауды қамтамасыз ететін маңызды құрал екенін атап өткен жөн.

Төлеушілермен уақтылы немесе толық емес көлемінде әлеуметтік жарналарды төлеуі, әлеуметтік тәуекелі туындаған жағдайда, "МӘСҚ" АҚ тағайындаған әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне теріс әсер етеді.

Осылайша, салық төлеушімен салық берешекті және және (немесе) әлеуметті төлемдер бойынша берешекті өтемеуі бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына ғана емес, сонымен қатар республика азаматтармен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек сонымен қатар әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер алуға қауіп төндіреді.

Осыған байланысты, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №252 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары - Қаржы министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 1248 бұйрығымен салық төлеушілерді санаттау бөлігінде Ережелерге өзгерістер енгізілді.

Осылайша, тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған салық төлеушілердің күнтізбелік отыз күннен астам салық берешекті және (немесе) әлеуметті төлемдер бойынша берешекті өтемеген жағдайда осы салық төлеушілердің тәуекел деңгейі қайта қарастырылады.

Аталғанды ескере отырып, тәуекел деңгейді қайта қарастыру фактілерді жою мақсатында Комитет тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған салық төлеушілерге салық берешекті және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша шараларды өз бетінше және уақытында қолдануды ұсыныс береді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны