25.01.2021, 17:15 7970

Қазақстанда көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған электрондық аукцион өтеді

Аукционнан түскен барлық қаражат мемлекеттік бюджетті толтырады.
Нұр-Сұлтан. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн аукцион 2021 жылғы 23 сәуірде өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Барлау және өндіру құқығын 15 учаске бойынша өткізу жоспарлап отырған электрондық аукционға қатысуға өтінімді 2021 жылдың 25 наурызын қоса алғанда дейін, электрондық аукцион операторының: www.gosreestr.kz сайтына жіберуге болады.
 
Сауда-саттық 23 сәуірде, сағат 10:00-де басталып, 17:00-де аяқталады. Энергетика министрлігінің сайтында, сондай-ақ ведомствоның әлеуметтік желілерінің аккаунттарында аукционның онлайн-трансляциясы ұйымдастырылады.
 
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін учаскелердің атауларымен Энергетика министрлігінің сайтында танысуға болады.
 

Аукцион арқылы жер учаскесіне меншік құқығы емес, белгілі бір мерзімге жер қойнауын пайдалану құқығы берілетіндігін атап өту маңызды. Бұл құқық "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексімен реттеледі, учаскелердегі кез-келген технологиялық процестер тек Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның мақұлдауымен мүмкін болады. Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау шартына қол қояды. Жобалық құжатты әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті", - деп атап өтті ведомствода.

 
Аукционнан түскен барлық қаражат мемлекеттік бюджетті толтырады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны