23.01.2023, 09:09 7061

Қазақстанда күнбағыс майы өндірісі бір жылда 62%-ға өсті

Бір жылда май бағасы 17%-ға өскен
Қазақстанда күнбағыс майы өндірісі бір жылда 62%-ға өсті
Астана. 23 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Бір жылда май бағасы 17%-ға өскен.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда күнбағыс майы өндірісі 537,1 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,2%-ға артық.

Мұндай айтарлықтай өсім тазартылмаған күнбағыс майы өндірісінің бір жылда 2,1 есе, яғни 376,7 мың тоннаға дейін көбеюі есебінен болып отыр. Тазартылған күнбағыс майының өндірісі бір жылда 8,7% ғана өсіп, 160,4 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды energyprom.kz.

2022 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар күнбағыс майына сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 81,5% қамтамасыз етті. Осы кезеңде өнім көлемі 389,9 мың тоннаға жетіп, 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 47,1%-ға көбейді, импорт та бір жылда 28%-ға өсіп 88,6 мың тоннаны құрады.

Айта кетейік, күнбағыс майының экспорты бірден 2,5 есе өсіп, 187,5 мың тоннаға жетті (ресурстардың 40%-ға жуығы). Бұл ретте ішкі нарықтағы сатылым 12% ғана өсіп, 291,1 мың тоннаны құрады.

2022 жылдың желтоқсан айының соңында күнбағыс майы бір айда 0,4%, бір жылда 17,1% қымбаттады. Еске салсақ, 2021 жылдың желтоқсан айында сектордағы бағаның бір айдағы өсімі 0,1%, жылдық өсім 30,1% болған.

Өңірлер бойынша күнбағыс майы бағасының бір жылдық қымбаттауы Солтүстік Қазақстан облысында 10%-дан Қарағанды облысында 25,1%-ға дейін ауытқиды. Бағаның айтарлықтай өсуі сондай-ақ Алматыда (23,4%) және Ұлытау облысында (22,1%) байқалды.

2022 жылғы желтоқсанда күнбағыс майының орташа бөлшек сауда бағасы литріне 910 теңге болды.

Күнбағыс майы ең қымбат өңірлер Қонаев пен Жезқазған қалалары (1024 және 1003 теңге). Ең арзан қала Семей мен Өскемен (777 және 783 теңге).

2022 жылғы желтоқсанда күнбағыс майының орташа бөлшек сауда бағасы литріне 910 теңге болды.

Күнбағыс майы ең қымбат өңірлер Қонаев пен Жезқазған қалалары (1024 және 1003 теңге). Ең арзан қала Семей мен Өскемен (777 және 783 теңге).

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда азық-түлік бағасының рекордтық өсуі байқалады. Сарапшылар қазақстандықтардың 2022 жылы базарлар мен дүкендерде қанша ақша қалдырғанын талдады.

Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны