20.01.2021, 17:00 17214

Қазақстанда ломбардтар мен МҚҰ-ларға бір айда 5,7 млн теңге айыппұл салды

Екінші деңгейдегі банктерге, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты бұзушылықтар, сондай-ақ заңсыз іс-қимыл және алаяқтық фактілері анықталған жоқ.
Нұр-Сұлтан. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы желтоқсанда халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы және өзге де ұйымдардың жарнама қызметіне алаяқтық және басқа заңсыз әрекеттердің болу мүмкіндігі тұрғысынан жүйелік мониторинг жүргізді. Агенттік микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарға қатысты жалпы сомасы 5,7 млн теңгеге айыппұл салу түрінде 30 әкімшілік жаза қолданып, 9 жазбаша ұйғарым шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "TAS CREDIT" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ға бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнгі қызметіне сәйкес келмейтін жарнаманы тарату немесе орналастыру түріндегі әкімшілік құқық бұзғаны үшін 416 700 теңге сомаға айыппұл салынды.
 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеу түріндегі әкімшілік құқық бұзғаны үшін "Ломбард "Пятачок" ЖШС-ға, "Ломбард Доверие" ЖШС-ға, "0,18% Lombard" ЖШС-ға, "Алтын Ломбард" ЖШС-ға, "Ломбард Кредит kz" ЖШС-ға, "ЛОМБАРД СТОЛИЧНЫЙ КЗ" ЖШС-ға, "Тез Ломбард" ЖШС-ға, "Цифра Ломбард" ЖШС-ға, " Экспресс займ МҚҰ" ЖШС-ға, "Ломбард "Срочно деньги" ЖШС-ға, "Ломбард Status&Ko" ЖШС-ға, "Ломбард "Народный KZ" ЖШС-ға, "Ломбард "Агат-Т" ЖШС-ға қатысты жалпы сомасы 4,7 млн теңгеге айыппұл түрінде 27 әкімшілік жаза қолданылды.
 
 "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызметті жүзеге асырғаны үшін "Лидер – Капитал 168" МҚҰ" ЖШС-ға қатысты жалпы сомасы 555 600 теңгеге айыппұл түрінде 2 әкімшілік жаза салынды.
 
9 жазбаша ұйғарым "Адиль-Ломбард" ЖШС-ға, "Ай-Н Ломбард" ЖШС-ға, "Ломбард-Қаржы" ЖШС-ға, "Ломбард "ҰЛЫ ШЫҢ" ЖШС-ға, "Голд-Юг-Ломбард" ЖШС-ға, "Ломбард "Комфорт" ЖШС-ға, "Оңтүстік Финанс-Ресурс" кредиттік серіктестігі" ЖШС-ға, "Creditum" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ға, "TESQUA FINANCE" МҚҰ" ЖШС-ға микрокредит беру туралы үлгі шарттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес болмағаны үшін жіберілді.
 

Бұдан басқа, қайта тіркеуден өтпеген және есептік тіркеуден өту үшін өтініш бермеген ломбардтарға қатысты Агенттіктің өңірлік өкілдер басқармалары мәжбүрлеп тарату туралы шағым-талап жұмысын жалғастыруда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

 
2020 жылғы желтоқсанда екінші деңгейдегі банктерге, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты бұзушылықтар, сондай-ақ заңсыз іс-қимыл және алаяқтық фактілері анықталған жоқ.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны