29.09.2022, 14:17 14351

Қазақстанда ұн бір жылда 40%-ға қымбаттады

Сарапшылар ұн бағасының ең жоғары өсімі Павлодар облысында (12,8%-ға) тіркелгенін нақтылап отыр.
АЛМАТЫ. 29 ҚЫРКҮЙЕК - Сарапшылардың деректеріне сәйкес, бір жыл ішінде Қазақстанда ұн 41%-ға қымбаттады. Сонымен қатар 2022 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша ұн бағасы бір айда 4,3%-ға өсті.
 
Сондай-ақ, Energyprom зерттеуінде айтылғандай, 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында ұн бағасының өсуі бойынша рекорд тіркелді. Олар тиісінше 7,5% және 6,8%-ды құрады.
 
Сарапшылар ұн бағасының ең жоғары өсімі Павлодар облысында (12,8%-ға) тіркелгенін нақтылап отыр. Сондай-ақ бұл тізімде Жетісу (12,4%-ға) және Батыс Қазақстан (11,9%-ға) облыстары бар.
 

Сонымен қатар ұн Ақмола (0,3%-ға), Ақтөбе (0,6%-ға) және Солтүстік Қазақстан (0,8%-ға) облыстарында қымбаттады", - делінген хабарламада.

 
Зерттеуде жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі нарығында ұнды сату 21%-ға төмендегені айтылған.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ұнБаға

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны