12.08.2020, 23:19 7201

Қазақстанда өнеркәсіптік газ өндіретін жаңа зауытты іске қосты

Қазақстанда өнеркәсіптік газ өндіретін жаңа зауыт іске қосылды

Алматы. 12 тамыз. Kazakhstan Today - Linde "АрселорМитталТеміртау" АҚ болат құю өндірісі үшін Қазақстанда өнеркәсіптік газ өндіретін жаңа зауытты іске қосты.

Теміртау қаласында екінші ауа бөлу қондырғысы іске қосылды. Жаңа зауыт "АрселорМитталТеміртау" АҚ болат құю өндірісін өнеркәсіптік газдармен: оттегімен және азотпен қамтамасыз ететін болады. Нысанға 28,5 млрд теңге инвестиция салынды.

Жаңа қондырғы 24 500 Нм3/сағ оттегі газын, сондай-ақ шойын, болат және металл өндіру үшін қажет 28 000 Нм3/сағ азот газын шығарады. Сонымен қатар, өнеркәсіптік газдарды қолдану спектрі өте кең - медицинадан бастап электроника өндірісіне дейін, онда жоғары таза газдар мен арнайы газдар қолданылады.

Ауа бөлу қондырғысының (АБҚ) технологиялық процесінде генераторы бар тиімділігі жоғары турбодетандер қолданылады, бұл қондырғының жұмысын экологиялық таза етеді, электр энергиясын тұтынуды азайтады. Нысанды пайдалануға беру "АрселорМиттал Теміртау" АҚ тұтынушы цехтарын ауаны бөлу өнімдерімен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

"2013 жылдан бастап компания облыс аумағында жұмыс істеп, дамып келеді. Екінші кәсіпорын - бұл өңірдің инвестициялық ахуалына және әріптестік қарым-қатынастардың сенімділігіне оң баға беру екенін атап өткім келеді. Біздің тарапымыздан барынша қолдау көрсетіліп, даму үшін барлық жағдай жасалған", - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

"Пандемия жағдайындағы жаңа жобаны іске қоссу - жақсы белгі. Осы айларда Сыртқы істер министрлігінің жұмысы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік процестерін, жабдықтарды, компоненттерді немесе шикізатты шетелден жеткізуге, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшінің кіруіне тәуелділігі бар іске асырылатын инвестициялық жобалардағы құрылыс-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Linde - өнеркәсіптік, медициналық газдар және инжиниринг саласындағы жетекші әлемдік компания, біз үшін стратегиялық маңызды серіктес. Бұл Қазақстандағы халықаралық компанияның екінші инвестициялық жобасы. 2013 жылы Теміртау қаласында ауа бөлу зауыты өз жұмысын бастады. Мен, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ретінде, 2018 жылы жаңа қондырғының қазығының қағылуына қатыстым, екі жылдан кейін осы жобаның уақтылы іске қосылғанына қуаныштымын. Компания ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі Комитетімен инвестициялық келісімшарт жасап, преференциялар алды. Жоба Қарағанды облысында химия өнеркәсібін дамытуға үлкен серпін беретініне сенімдімін. Сондай - ақ, осы күрделі кезеңде кәсіпорын ауруханалардың қажеттіліктері үшін оттегін жеткізуді жолға қойғанын атап өтемін", - деп түсіндірді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров.

Саланың дамуына Қазақстандағы ең ірі металлургиялық кәсіпорын өкілдері де әсерін атап өтті: "Ауаны бөлудің жаңа қондырғысын іске қосу өнеркәсіптік газдармен, оттегімен және азотпен тұрақты сенімді қамтамасыз етеді. Жаңа блок энергетикалық тұрғыдан заманауи және үнемді. Біздің "Линде Газ Қазақстан" компаниясымен ынтымақтастығымызды табысты деп санаймын. Болашақта біздің ынтымақтастығымыз энергетика және комбинат цехтарын өнеркәсіптік газдармен қамтамасыз ету бойынша үздік позицияларды алуға көмектеседі деп үміттенемін", - деп атап өтті "АрселорМитталТеміртау" АҚ атқарушы директоры Вадим Басин.

Linde неміс трансұлттық компаниясы одан әрі ынтымақтастыққа мүдделі: "Біздің "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен ынтымақтастығымызды атап өткім келеді, ол ұзақ уақытқа созылады және ол осы зауыттың құрылысында аяқталмайды деп ойлаймын", - деп атап өтті "Линде Газ Қазақстан" ЖШС Бас директоры Батыржан Тергеусізов.

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ тарапынан инвесторға өндірістік алаңды анықтауға, инвестициялық келісімшарт жасасуға көмек көрсетілді, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру бөлігінде жобаны сүйемелдеу қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, компания жалпы әлемдік жағдай өзінің түзетулерін енгізіп, процестің барлық қатысушыларын бірқатар мәселелер бойынша шешімдерді жедел іздеуге ынталандырғанын атап өтті.

Инвестициялар мен жоғары технологияларды қолданудың арқасында бұл жобаны іске асыру Қарағанды облысының химия өнеркәсібі үшін маңызды оқиға болды. COVID-19 пандемиясынан туындаған қиындықтарға қарамастан, жол жүру шектеулері бойынша құрылыс жұмыстары екі жылға созылды. Айта кетейік, монтаждау жұмыстары мен іске қосу-реттеу жұмыстары алғаш рет еуропалық сарапшылардың қолдауымен қашықтан орындалды, олар қазіргі заманғы цифрлық байланыс құралдарының көмегімен тікелей Теміртау қаласында жүргізілетін жұмыстарды қашықтықтан басқарды.

Анықтама:

Linde - өнеркәсіптік, медициналық газдар және инжиниринг саласындағы жетекші әлемдік компания, 2019 жылы сату көлемі $28 млрд (25 млрд еуро) құрады.

Компания химиялық өнімдер мен мұнай өңдеу, тамақ және сусындар, электроника, денсаулық сақтау, өндіріс және бастапқы металдар сияқты түрлі нарықтарға қызмет етеді. Linde өнеркәсіптік газдары көптеген салаларда қолданылады: ауруханалар үшін оттегіден бастап электроника, таза отын үшін сутегі және басқалары үшін жоғары таза арнайы газдарға дейін. Linde сонымен қатар тұтынушылардың кеңеюін қолдау, тиімділікті арттыру және шығарындыларды азайту үшін заманауи газ өңдеу шешімдерін ұсынады.

"Линде Газ Қазақстан" ЖШС Қазақстан нарығында 2009 жылдан бастап, Linde Теміртау қаласында ТМД-дағы ең ірі ауа бөлу қондырғысының құрылысына инвестиция салған және еншілес кәсіпорын ашқан сәттен жұмыс істеуде. Ауаны бөлетін алғашқы зауыт 2013 жылдың наурыз айында іске қосылды. Бүгінгі таңда Linde Қазақстандағы сұйық және газ тәріздес күйдегі оттегі, азот және аргонның ең ірі өндірушісі болып табылады. "Линде Газ Қазақстан" ЖШС өнімін тұтынушылар Қазақстанның, Ресей Федерациясының, Әзірбайжанның, Қырғызстанның ірі өнеркәсіптік компаниялары. Жаңа нарықтарға шығу жөніндегі жоспарлармен қатар, компания тұтынушылар өндірісін кеңейтуді қолдау, оның тиімділігін арттыру және шығарындыларды азайту үшін газды қайта өңдеу жөніндегі шешімдерді дамытуға бағытталған.

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ - Қазақстанның тау-кен металлургия секторының ірі кәсіпорны. Меншігінде көмір, темір кені және энергетикалық базасы бар интеграцияланған тау-кен металлургия кешені болып табылады. Ол полимерлі, мырыш және алюминий жабыны бар тегіс және сұрыпты илек, сонымен қатар агломерат, темір кені және көмір концентраты, электрмен дәнекерлеу құбырларын шығарады.

"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. "KAZAKH INVEST" ел Үкіметі атынан "бірыңғай келіссөзші" рөлін атқара отырып, инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті іске асыру үшін қажетті инвестициялық келісімшартты тіркеуді, жасасуды, түрлі рұқсаттар мен мемлекеттік қызметтерді алуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны