22.12.2022, 13:11 33286
Қазақстанда сән салтанат салығын 2024 жылдан бастап енгізгісі келеді
Достарға айту
Сән-салтанат салығы қымбат көліктерге және басқа да сәнді заттарға, соның ішінде антиквариатқа қатысты болады
Астана. 22 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сән-салтанат салығын енгізуге қатысты заң жобасы 2023 жылы талқыланатынын айтты.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер министрден сән-салтанат салығына қатысты заңды қабылдау қай мерзімге жоспарланып отырғанын сұрады.
Келесі жылы Салық кодексі бойынша негізгі жұмыстар атқарылады. Әсіресе, бірінші жартыжылдықта талқылап, ортақ шешімге келеміз. Біздің жоспарымызға сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Егер қосымша уақыт керек болса, біз оны қарастырамыз", - деді Ә. Қуантыров.
Сонымен қатар ол бір адамның атына тіркелген жылжымайтын мүлік саны көп болса, осы орайда қосымша салық енгізу мәселесі талқыланып жатқанын айтты.
Бұл тұрғыда салық салудың түрлі нұсқасы пысықталып отыр. Әрине, бұл салық мүмкіндігі бар ауқатты адамдарға қатысты болады. Атап айтқанда, тиісті заң жобасы 2023 жылдың күзінде Парламент қарауына енгізіледі деген жоспар бар", - деді ведомство басшысы.
Осыған дейін министр сән-салтанат салығы жеке яхта, жеке ұшақ сияқты дүниелерге салынатынын, яғни ірі сомаға мүлік сатып алғандарға қатысты екенін түсіндірген еді.
Айта кетейік, биыл қыркүйек айындағы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық реформасы аясында "сән-салтанатқа салық" салуды енгізу керек екенін айтты.
Мұның орта тапқа қатысы жоқ, бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынады", - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.11.2023, 16:22 2761
Қазақстан биылғы астықтың 6 млн тоннасын экспорттайды
Биыл қазан айының соңындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 16 млн тоннаға жуық астық бастырылды
Достарға айту
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов астық экспортына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.
Бүгін Сенат комитетінің кеңейтілген отырысынан кейін тілшілер вице-министрден биыл жиналған астықтың қай бөлігі экспортқа шығарылатынын сұрады.
Биыл 15,5 млн тонна астық жиналуы мүмкін екенін айтқан едік. Қазір әкімдіктердің мәліметі бойынша 16,5 млн тонна қамбаға түсті. Сондықтан осы астық көлемін ескере отырып, экспортқа 6 млн тонна шамасында өнім шығаруға мүмкіндік болады", - деді Азат Сұлтанов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қазан айының соңындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 16 млн тоннаға жуық астық бастырылды.
Жуырда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл жиналған астық көлемі біршама аз болғандықтан, экспортқа шығарылатын астық көлемі азаятынын айтқан еді. "Яғни 5 млн тоннадан артық болмайды деп ойлаймыз", - деген еді ведомство басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2023, 13:57 9176
Жыл сайын 1 трлн теңгеден астам қаражат бизнеске жетпей қалады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тауар биржаларын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін биржалық сауда мәселелері бойынша жаңа заң жобасы әзірленді. Онда биржаларға қойылатын реттеуші талаптарды күшейту, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу рәсімдерін айналып өту мүмкіндігін болдырмау және бизнес үшін тауар биржаларына шығу бойынша кедергілерді жою шараларын қарастырады.
Бұдан басқа, көмір, бидай, мұнай өнімдері және бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату конкурстық негізде Үкіметтің шешімімен айқындалатын арнайы тізімге енгізілген тауар биржаларында ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл аталған тауарларға ашық баға белгілеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ ел ішінде де, сыртқы экономикалық қызметте де тауар ағынын бақылауға мүмкіндік береді.
Биржаға шығуды ынталандыру ретінде: отандық өндірушілер үшін - ҚҚС төлеу кезінде есепке алу әдісін қолдану; Ұлттық экспорттаушылар үшін - ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібін енгізу, мысалы, 5 күнге дейін; ҚТЖ-мен бірлесіп, биржалық мәміле жасалған жағдайда логистикаға арналған теміржол тарифтерін қайта қарау ұсынылады.
Премьер-Министр қазіргі таңда Қазақстанда астық, мұнай өнімдері, көмір және басқа да тауарлар бойынша сауда-саттық жүргізетін 10 тауар биржасы бар екенін атап өтті. Сонымен қатар биржаның басты міндеті - ашық нарықтық баға мен бәсекелестікті қамтамасыз ете отырып, сауданы ұйымдастыру.
Біз биржалық саудаға үлкен үміт артып келдік. Соңғы 5 жылда заңнама 2 рет өзгерді. Соған қарамастан, биржалар әлі күнге дейін нарықтағы өз қызметін толықтай орындай алған жоқ", - деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министр сауда-саттықтың құқықтық базасын және оның қатысушыларына қойылатын талаптарды түбегейлі қайта қарау қажеттігін Мемлекет басшысы көтергенін атап өтті. Бұл орайда, негізгі проблеманың бірі жер қойнауын пайдаланушылардың тауар биржаларын өз мүдделеріне қарай пайдаланып кетуі болып отыр.
Бүгінде биржалық сауданың негізгі бөлігі жергілікті қамтуды сақтау жөнінде міндеттемелері жоқ дәл осындай сатып алуларға қызмет көрсетуге бағытталған. Нәтижесінде әр жыл сайын 1 трлн теңгеден астам қаражат біздің бизнеске жетпей қалады. Бұлай болмау керек. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары ел мүддесіне жұмыс істеуі тиіс. Жергілікті қамтуды кеңейтіп, өндірісті әртараптандырудың маңызы өте зор", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Тауар биржаларын микрокәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу тағы бір проблемаға айналып отыр. Бұл оларға аз салық төлеуге және тексерулерден құтылып кетуге мүмкіндік беріп отыр.
Анықталған кемшіліктердің барлығы жаңа заңнама шеңберінде жойылуы тиіс", - деп атап өтті Премьер-Министр.
Әлихан Смайылов 2 күн ішінде биржалық тауарлар мәселесі бойынша заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасын келісуді, қазіргі әлемдік стандарттарды ескере отырып, тауар биржаларын бағдарламалық қамтамасыз етудегі ақпараттық қауіпсіздікті арттыру мәселесін пысықтауды және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тауар биржалары мен оның қатысушыларының жауапкершілігін қатаңдату бойынша түзетулер топтамасын әзірлеуді тапсырды.
Ұлттық экономика, Көлік министрліктерімен және "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, биржалық тауарларды, оның ішінде биржалық сауда-саттық механизмі арқылы экспортқа сатуды ынталандыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу қажет", - деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.11.2023, 13:24 38221
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті
Сурет: instagram/national_bank_of_kazakhstan
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімге келуге Ұлттық Банктің болжамдарды жаңартуы, деректерді талдауы және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалауы негіз болды, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметінен.
Жылдық инфляция белсенді түрде баяулап келеді. Алдағы айларда оның көрсеткіші бір таңбалы мәнге жетеді деп күтіледі. Қазанда айлық инфляция орташа тарихи мәндерге дейін баяулады. Сыртқы инфляциялық қысым орталық банктердің қатаң саясаты мен әлемдік азық-түлік бағасының төмендеуі аясында бәсеңдеп келеді. Алайда назар аударуды қажет ететін жекелеген факторлар мен тәуекелдер бар. Ішкі экономикада фискалдық ынталандыру, орнықты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан проинфляциялық қысым сақталып отыр.
Базалық мөлшерлеме бойынша қабылданатын алдағы шешімдер нақты инфляция динамикасының оның болжамды траекториясына сәйкестігіне байланысты болады. Инфляция бойынша 5% мақсатына қол жеткізу қажеттілігі ортамерзімді кезеңде ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын ұстап тұруды талап етеді.
Жылдық инфляция 2023 жылғы қазанда баяулап, 10,8%-ды құрады және алдыңғы болжамды диапазонның төменгі шегіне жақындап келеді. Айлық инфляция 2023 жылғы қазанда өзінің орташа тарихи мәндеріне дейін төмендеп, 0,7%-ды құрады. Баға өсімі қазір жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатына, жаһандық инфляциялық қысым мен өндірістік шығындардың төмендеуіне, логистикалық тізбектердің біртіндеп қалпына келуіне, билік қабылдаған шараларға, сондай-ақ өткен жылғы жоғары базаның ықпалына байланысты баяулап келеді. Базалық және маусымдық факторларды ескермейтін инфляция көрсеткіштері тұрақталды. Алайда, олар таргеттен жоғары қалыптасып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің кең ауқымына бағаның орнықты өсуін көрсетіп отыр.
Инфляцияның бірқалыпты баяулауына қарамастан, халықтың инфляциялық күтулері жоғары деңгейде сақталуда және жекелеген тауар нарықтарында ахуалдың өзгеруіне сезімтал күйінде қалып отыр. 2023 жылғы қазанда алдағы бір жылда күтілетін инфляция көрсеткіші өсті. Жанар-жағармай бағасының өсуі мен азық-түлік өнімдері бағасының динамикасы жоғары күтулердің негізгі факторына айналды.
Жаһандық инфляция баяулау үрдісін жалғастырып келеді. Бірқатар елде, соның ішінде сауда-серіктес елдердің көбінде инфляцияның баяулау үрдісі сезіледі. Бұл ретте алдыңғы болжаммен салыстырғанда Ресейдегі инфляцияның жоғары деңгейіне байланысты сыртқы инфляциялық қысымның күшею тәуекелдері сақталып отыр. Ортамерзімді перспективада сауда-серіктес елдерде инфляция нысаналы мәндеріне жақындаған сайын проинфляциялық қысым әлсірейтін болады. ФАО азық-түлік бағасының индексі қант, дәнді дақылдар, өсімдік майлары мен ет бағасының арзандауы аясында төмендей бастады. Ұсыныстың маусымдық ұлғаюы есебінен дәнді дақылдар бағасы төмендейді деп күтіледі. Алайда 2023 жылдың аяғы мен 2024 жылдың басында Украинадан астық жеткізу көлемі төмендегендіктен, баға өседі деген күтулер бар. 2024 жылдың ортасынан бастап ұсыныстың ұлғаюына және логистикалық тізбектердің жақсаруына байланысты дәнді дақылдар бағасы біртіндеп төмендейді деп күтілуде.
Сыртқы ақша-кредит талаптары қатаң қалпында қалып отыр. Инфляцияның алдағы динамикасы бойынша белгісіздік АҚШ ФРЖ мөлшерлемесінің төмендеу циклінің басталуын кейінге қалдырып отыр. ЕОБ жоғары мөлшерлеме саясатын ұзақ уақыт ұстауды көздейді. Кейбір сауда-серіктес елдерде инфляция нысаналы мәндерінен жоғары болуына байланысты ақша-кредит саясатының қатаңдау үрдісі жалғасуда.
Базалық сценарийде ОПЕК+ өндіруді қысқартуы және Таяу Шығыстағы соғыс қимылдарының ұзаруы аясында осы жылдың соңына дейін Brent маркалы мұнайдың бағасы 1 баррель үшін 85-90 АҚШ доллары аралығында тұрақтанады деп болжанады. Базалық сценарийде 2024 және 2025 жылдары әлемдік экономиканың әлсіз өсуі салдарынан қуат көздеріне деген орташа сұранысқа байланысты Brent маркалы мұнай бағасы, тиісінше, орташа есеппен 85 АҚШ долларын және 80 АҚШ долларын құрайды деп болжануда.
Инфляцияның 2023 жылға арналған болжамы 9,3-10,3%-ға дейін жақсарды. 2023 жылға арналған болжамды қайта қарау тұрғын-үй коммуналдық қызметі (ТКҚ) тарифтерінің күтілген деңгейден төменірек өсуіне және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының анағұрлым ұстамды өсуіне байланысты. 2024 жылға арналған болжам - 7,5-9,5% деңгейінде, 2025 жылға - 5,5-7,5% деңгейінде сақталып отыр. 2024-2025 жылдарға арналған инфляциялық болжамның негізгі тәуекелдеріне - фискалдық ынталандырудың күшеюі, инфляциялық күтулердің тұрақсыздығы, 2023 жылы төмен өнім алу ықпалына байланысты азық-түлік бағасының ықтимал өсуі, сондай-ақ ТКҚ тарифтері өсуінің тікелей әсері жатады. Инфляциялық болжам Қазақстан Республикасының Үкіметі талқылап жатқан қосымша құн салығын (ҚҚС) 2025 жылы көтеруді ескермейді.
Қазақстан экономикасының өсуі бойынша 2024 және 2025 жылдарға арналған болжам қайта қаралды. Биыл ЖІӨ-нің өсуі бұрынғыдай 4,2-5,2% деңгейінде күтілуде. 2024 жылға арналған болжам ТШО-да өндірісті ұлғайта бастаудың 2024 жылдың соңына немесе 2025 жылға ықтимал ауысуына байланысты 3,2-4,2%-ға дейін төмендетілді. Осының аясында төменірек база әсерінен 2025 жылға арналған болжам, сәйкесінше, 5,5-6,5%-ға дейін көтерілді. Болжам тәуекелдерін күшейтетін негізгі әрі маңызды фактор - 2024-2025 жылдары мұнай өндіру параметрлеріне қатысты белгісіздік болып табылады.
Жылдық инфляцияның қарқынды төмендеуі және оның 2023 жылдың соңына төменірек болжамдары базалық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік берді. Базалық мөлшерлеме бойынша қабылданатын шешімдер нақты инфляция динамикасының оның болжамды траекториясына сәйкестігіне байланысты болады. 2024 жылы инфляцияның одан әрі баяулауы кезінде Ұлттық Банк инфляцияны 5% мақсатқа қайтару және инфляциялық күтулерді тұрақтандыру үшін ортамерзімді келешекте ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажеттілігін ескере отырып, базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендетудің орындылығын қарастырады. Сонымен қатар, деректерді жинақтау және тәуекелдер теңгерімін бақылау мақсатымен базалық мөлшерлемені өзгерту кезінде кідіріс болуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.11.2023, 17:17 47326
Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар тартылуда
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг аясында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар тарту және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет басшысы атап өткендей, республикада инвестиция тарту мәселелеріне басымдық беріліп отыр, өйткені бұл тікелей экономикалық дамуды ынталандырады.
Өткен жылы біз $28 млрд көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартып, соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. Аталған инвестициялар бірінші кезекте тау-кен металлургия кешеніне, өңдеу өнеркәсібіне, саудаға, көлік және қаржы секторына бағытталды", - деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ Үкімет басшысы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қазірдің өзінде $13,5 млрд көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылғанын атап өтті.
Қалай болғанда да, $27-28 млрд деңгейі - Қазақстан үшін соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Біз инвестициялар тартудың осындай жоғары серпінін сақтап қалуға ниеттіміз. Мемлекет басшысы алдымызға 2029 жылға дейін $150 млрд тікелей шетелдік инвестиция тарту міндетін қойып отыр", - деді Премьер-Министр.
Оның айтуынша, бұл үшін Үкімет деңгейінде де, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде де ауқымды кешенді жұмыстар жүргізілетін болады.
Біз шикізаттық емес секторлардағы инвестициялық жобалар пулын қалыптастырдық. Қазір онда құны 32 трлн теңгені құрайтын 970 жоба бар. Келесі жылы құны 4,6 трлн теңге болатын 400 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз", - деп түйіндеді сөзін Әлихан Смайылов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.11.2023, 16:38 47866
Алматыда қазақстандық-малайзиялық бірлескен кәсіпорын ашылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында электротехникалық жабдықтар мен электр энергиясын тарату жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Инвестициялық жобаны 1976 жылдан бастап мұнай - газ және электротехникалық өнімдер нарығында белсенді ойыншы болып табылатын малайзиялық компанияның Орталық Азия өкілдігі - "OISB Kazakhstan" ЖШС жүзеге асырып келеді. Өндіріс процесінде "RAWAK SMART" төмен вольтты жүйесінің инновациялық технологиясы қолданылатын болады.
Жобаны іске асыруға алаңы 0,6 га жер учаскесі бөлінді, жобаның құны 980 млн теңге, мұнда 50 жұмыс орны ашылатын болады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 2 мыңға жуық өнім шығаруға есептелген.
ИТП" арнайы экономикалық аймағы Алматының Медеу ауданындағы 163 га аумақта орналасқан.Мемлекет тарапынан инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның, бірінші кезектегі ғимараттардың, әкімшілік кеңсенің құрылыстары жүзеге асты. "ИТП" АЭА қатысушыларына салық және кедендік жүктемені төмендету бөлігінде түрлі преференциялар мен жеңілдіктер беріледі.
Бүгінде "ИТП" АЭА резиденттері -160 компания олардың 55-і (Kolesa Group, Azimut Labs, PayBox, жеке Касса және т. б.). "ИТП" АЭА аумағында орналасқан, қалған 105 компания (Kaspi Cloud, Eltex Alatau, Nero Lab, Asaq, prima Group, Almaty Enterprising Company және т. б.) бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласында қызметтерін "эксаумақтылық" қағидаты бойынша жүзеге асырады.
АЭА құрылған сәттен бастап оның қатысушылары 6 727 жұмыс орнын құрды, 50,69 млрд.теңге инвестиция тартты, 34,7 млрд. теңге сомасында салық және бюджетке төлемдер түсті, 493,7 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, өзге де қызметтер көрсетілді, экспорт көлемі 7,46 млрд. теңгені құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.11.2023, 15:56 48456
Қазақстанда 2026 жылға қарай инфляцияны 5%-ға дейін төмендету жоспарлануда
Бүгінгі таңда инфляция екі есе төмендеген
Достарға айту
Сенат отырысынан кейін өткен БАҚ-қа арналған брифинг барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының республикадағы инфляцияны екі есе төмендету туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-Министр жылдық инфляция ақпан айында шарықтау шегіне жетіп, қазан айының қорытындысы бойынша 10,8%-ға дейін төмендегенін атап өтті.
Бүгінгі таңда инфляцияның екі есе төмендегенін байқап отырмыз. Жыл соңына дейін оның деңгейі 10%-дан төмен болады деп болжаймыз. Бұл Үкімет пен Ұлттық банк жүзеге асырып жатқан тиісті шаралар кешені нәтиже бере бастағанын көрсетеді", - деді Әлихан Смайылов.
Мәселен, тұрақтандыру қорларының қызметі қайта ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруға басымдық берілді, бұл отандық өндірісті қолдауға, экономиканың осы секторын дамытуға және нарықтағы бағаны тұрақтандыруға ықпал етті. Сондай-ақ маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін тауарлық интервенциялар жүзеге асырылуда.
Оған қоса өңірлік комиссиялардың бақылау қызметі жолға қойылды. Жалпы мыңға жуық делдалдық схемалар анықталды.
Сонымен қатар халықты арзандатылған азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін еліміздің барлық өңірінде апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Ұн мен әлеуметтік нан бағасының өсуін тежеу мақсатында "Азық-түлік корпорациясы" қорларынан өңірлерге арзандатылған астықты жеткізу бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Премьер-Министр орта мерзімді перспективада инфляцияны тағы 2 есеге, яғни 2026 жылы 5%-ға дейін төмендету жөніндегі жұмыс жалғасатынын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.11.2023, 15:40 48716
Үкімет 1,5 трлн теңге көлеміндегі БЖЗҚ қаражатын ірі жобаларға инвестициялауды жоспарлауда
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға БЖЗҚ-дан қаражат бөлу мүмкіндігі туралы пікірін айтты. Аталған сұраққа Үкімет басшысы ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейін өткен брифинг барысында жауап берді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-Министрдің айтуынша, БЖЗҚ-ның негізгі міндеті - қазақстандықтардың зейнетақы активтерінің сақталуын және арттыра түсуін қамтамасыз ету. Ол үшін тиісті инвестициялық стратегия қабылданды.
Салымшылардың активтерін кіріс әкелетін қандай да бір құралдарға қаражат салу арқылы көбейтуге болады. Бұл ретте процесті нарықтық мөлшерлемелер бойынша және қайтарымды негізде орындауға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта Үкімет қаржыландыруды қажет ететін индустрияландыру, көлік, инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды қарастыруда. Біз әртүрлі көздерді, соның ішінде БЖЗҚ қаражатын да қарастырып отырмыз", - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы бұл мәселе бұрын Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияда талқыланып, қолдау тапқанын айтты. Әңгіме 1,5 трлн теңге туралы болып отыр.
Қазіргі уақытта біз Ұлттық банкпен бірлесіп, қаражат тарту шарттары бойынша мәселелерді пысықтап жатырмыз. Үкіметтің борыштық міндеттемелерін орындау аясында қаржы қайтарылатын болады", - деді Премьер-Министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.11.2023, 11:53 50721
Үкімет ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасында Үкімет алдына еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша бірқатар жаңа міндеттер белгіледі, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады. Алдағы жылдарда ауыл-аймақты өркендетуге басымдық береміз. Біз ауылдық жерді жұмыспен жаппай қамту үшін жағдай жасаймыз, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдаймыз. Тұрғындарға жер қолжетімді болады. Ол үшін ірі жер иелерінен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандырамыз", - делінген сайлауалды бағдарламада.
Мемлекет басшысы атап өткендей, су үнемдейтін тиімді технология енгізіп, мелиорация және суару жүйесін қалпына келтіру керек. Сонымен қатар мемлекет ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру бойынша кең ауқымды жобаны іске асыруда.
Кооперативтер егістіктен дүкен сөресіне дейін өнімді тікелей жеткізуші болады. Тиімсіз делдалдардан арыламыз", - делінген құжатта.
Үкіметтің хабарлауынша, жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында шаруалар 40 млрд теңгеге 1053 комбайн мен трактор сатып алды. 2,8 мың бірлік мал азығын жинау техникасын сатып алуға 20 млрд теңге бөлінді. 8 млн гектар пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылды. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында "Ауыл аманаты" жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында республикадағы барлық жеке қосалқы шаруашылықтың жартысын кооперативтік кәсіпкерлікке тарту, шағын несие беру есебінен 350 мыңнан астам жұмыс орнын құру және өткізу нарығына шығуды қамтамасыз ету көзделіп отыр. 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамтитын жобаны жүзеге асыруға барлығы 1 трлн теңге қарастырылған.
2023 жылы республикалық бюджеттен 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Бұл ауылдық жерлерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында қаражат толығымен игерілді. Басқа өңірлерде жұмыс жалғасуда.
Елді сумен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді шешуді көздейтін жаңа Су кодексінің жобасы әзірленді. Жоба сумен жабдықтау, су бұру, суару мәселелері, су шаруашылығы нысандарының қауіпсіздігі сияқты көптеген бағыттарды қамтиды. Елдің су шаруашылығы жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасын тауып келеді. Мәселен, 2025 жылға дейін Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында сыйымдылығы 1 700 млн м3 болатын жаңа 9 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Оны ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану жоспарланған. Екінші кезеңде Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 705 млн м3 астам суға арналған 11 су қоймасын салу қарастырылған. Сонымен қатар республикадағы суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданын 1,8 млн гектардан 2,5 млн гектарға дейін ұлғайту, қолданыстағы 15 су қоймасы мен 3,5 мың шақырым суару желілерін күрделі жөндеу, сондай-ақ 212 каналдың суды есепке алу жүйесін цифрландыру жоспарланып отыр", деп мәлім етті Үкіметтен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
29.11.2023, 12:49Қазақстанның батысында энергия желілері жаңғыртылды 29.11.2023, 15:16 14471Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді29.11.2023, 17:00 12361Қазақстан мен Түркіменстан көлік саласындағы өзара байланыс туралы Меморандумға қол қойды29.11.2023, 15:08 7651Ақтөбеде жоғалған оқушы іздестіріліп жатыр29.11.2023, 16:25 6951Қазақстанда желтоқсандағы мерекеге орай қосымша пойыздар жүреді
23.11.2023, 17:05 911912024 жылы "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады24.11.2023, 18:37 87521Қытай әуе компаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтуда24.11.2023, 18:30 86041Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізілуде23.11.2023, 16:56 84546Маңғыстауда прокурорлар инвесторлардың жолындағы кедергілерді жойды24.11.2023, 18:25 75826Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстандағы үлгілі шаһарға айналады
02.11.2023, 18:58 203941Қазақстан Үкіметі "Газпроммен" стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасады02.11.2023, 16:46 189246Қазақстан Мажарстанға құны шамамен 700 миллион доллар болатын 95 түрлі тауар жеткізе алады - Тоқаев01.11.2023, 10:58 186241Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өсті03.11.2023, 20:35 154471Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті03.11.2023, 16:25 144866Түркі мемлекеттері ұйымының X cаммиті өтті