24.02.2019, 20:26 11921

Қазақстанда темір жолмен 2018 жылы 283 млн. тонна жүк тасымалданды

2019 жылы жүк айналымын 3,5% арттыру жоспарланып отыр.

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 20 ақпанында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ өткен жылдағы жұмыс қорытындысына арналған брифинг өткізді.

Компания жұмысының ауқымды өлшемдерінің орындалуы туралы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" пайдалану жұмыстар жөніндегі атқарушы директоры міндетін атқарушы Күмісбек Матжанов мәлім етті. Темір жолмен 2018 жылы 283 млн. тонна жүк тасымалданса, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 11 млн. тоннаға артық. Тиеу 255 млн. тоннаны құраса, бұл 2017 жылғы фактіден 5,3% жоғары. Әлеуметтік-маңызды жүктер дер кезінде жеткізілген. Тиеуде өсім бар: астық (+36%), ұңтақ өнімдері (+3%), көмір (+2,6%).

Пойыздар қозғалысының учаскелік пен техникалық жылдамдығы, локомотивтің ортатәуліктік өнімділігі сияқты сапалық көрсеткіштері жақсарды. Отын-энергетикалық ресурстар шығыны төмендеді.

2019 жылы жүк айналымын 3,5% арттыру жоспарланып отыр. Бұған қоса, шектесіп жатқан теміржол әкімшілерімен электрондық мәліметтер алмасуды ендіру, станциялар жұмысының технологиясын қайта қарау, жылжымалы құрамды тиімді пайдалануды арттыру жөнінде міндеттер қойылып келеді.

Жұмыстың басымдықты бағыттарының қатарында К. Матжанов әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, кез келген бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" принципін сақтау, еңбек жағдайын жақсарту және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету екендігін атады. Брифингте "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ корпоративтік қамтамасыз ету және даму жөніндегі бас директор орынбасары Әділжан Исмухамбетов Ұжымдық келісім-шарттар жағдайының орындалуы барысынан хабардар ете кетті. Қызметкерлер мен олардың балаларына сауықтыру демалыстары ұйымдастырылып, медициналық сақтандырумен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік төлемдер бюджеті 4 млрд. теңгені құрады. 2018 жылы "ҚТЖ" ҰК" АҚ оқыту орталықтарында шамамен 2 мың қызметкер оқытылды: вагон және локомотив шаруашылықтары, қозғалыс қызметінің мамандарының біліктіліктері арттырылды.

Жұмыстың маңызды бағытын Ә.Ізмұхамбетов теміржол тасымалдарын жүзеге асыру барысындағы сыбайлас жемқорлықтық заңбұзушылық жағдайлары мен себептерін жою, анықтау екендігін баса айтты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны