12.12.2019, 15:42 30787

Қазақстанда ғылым, білім беру және тұрғын-коммуналдық салада сатып алуды тиімсіз жоспарлау байқалып отыр

Бұл сала бойынша 2016 жылмен салыстырғанда бюджет шығындарын 3 есеге өсірді (1,4 трлн-нан 5,8 трлн-ға дейін). Қазіргі күннің өзінде бұл сома шамамен 6 трлн теңге. Бұл еліміздің барлық шығындарының жартысын құрайды (12 трлн).

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today -Мемлекеттік сатып алулар - ұлттық экономиканы дамытудың пәрменді реттеуіші екені белгілі.

Бұл процеске 18 мыңнан астам тапсырыс берушілер мен 80 мыңнан астам өнім берушілерді қатыстырады.

Бұл туралы 2019 жылғы 12 желтоқсандағы брифингте Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің АМІ жөніндегі офицері Айнагүл Кәріпова атап өтті.

Оның айтуынша, емлекеттік сатып алулардың жыл сайынғы өсу үрдісі байқалып отыр.

Бұл сала бойынша 2016 жылмен салыстырғанда бюджет шығындарын 3 есеге өсірді (1,4 трлн-нан 5,8 трлн-ға дейін). Қазіргі күннің өзінде бұл сома шамамен 6 трлн теңге. Бұл еліміздің барлық шығындарының жартысын құрайды (12 трлн).

Әрбір екінші сатып алу бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған (3,5 трлн немесе 55 %).

Бюджет қаражаттарының мұндай айналымы жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

***

Бұл жылы әрбір жетінші сыбайлас жемқорлық қылмыстар мемлекеттік сатып алумен байланысты болды (2245-ң 305-і). Келтірілген залалдар сомасы шамамен 2,5 млрд теңгені құрады (2 437 011 000).

Ең көп таралған қылмыстық сызба бұрынғысынша нақты өнім берушінің мүддесін қорғау, техникалық ерекшеліктермен айла-амалдар, жалған актілерге қол қою болып отыр.

***

Бұрын Гиппократ айтқандай: "Тек ауруды емдеп қана қоймай, оған алып келетін себептерге қарсы тұру керек". Басқаша айтқанда, сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрескеннен көрі, оның алдын алу оңай.

Сондықтан Агенттік жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын көздеп отыр.

Аталмыш міндеттерді іске асыру үшін бізде құралдар мен механизмдер жеткілікті.

Біріншіден, бұл Агенттіктің уәкілетті органмен және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп жасалған жұмыс нәтижелері.

Екіншіден, "Ашық бюджеттің интерактивті картасы" арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, тәуекелдерді басқару жүйесінің мәліметтерін талдау.

***

Мысалы Қаржы министрлігімен бірігіп, Мемлекеттік сатып алулар саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселелерін шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді (Қазақстан Республикасы Бірінші Қаржы вице-министрінің 2019 жылғы 8 қазандағы №1111 бұйрығымен бекітілген).

Оны іске асыру арқылы сыбайлас жемқорлығы әшкереленген заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына тыйым салуды белгілеуге, сатып алу процесіне жауаптылардың адалдығын тексеру механизмдерін енгізуге ықпал етеді.

"Атамекенмен" жаңа үлгідегі өзара іс-қимыл арқасында, "Бірыңғай сатып алу терезесі" веб-порталындағы Қазақстанның ТОП-5 сауда алаңына рұқсат алынды ("ЭҚО" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Еуразиялық электрондық порталы, "КазАгро" ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және "Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі "NADLOC" АҚ).

Бір айта кететіні, бұл жүйе онлайн режимінде жоспарлау барысында-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайды.

***

Бюджеттік қаражаттарды тиімсіз пайдалануды болдырмау мақсатында, Агенттік бұл порталдың мәліметтеріне мониторинг жүргізді. Камералды талдауға 10 мыңдай тапсырыс берушілер мен мемлекеттік сатып алу жоспарларының 130 мыңнан астам тармақтары қамтылды.

Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне себепші бірқатар факторлар белгілі болды.

***

Бірінші.Бағаны жоғарылатудың жүйелілігі.

Сатып алу жоспарларындағы бағаны үнемі жоғарылату салдары тапсырыс берушінің бюджетті жасанды ұлғайтуын көрсетеді.

Жоспарда барлық тармақтар бойынша да бағаларды жоғарылатылған мысалдар бар. Орташа бағалар бойынша сатып алу шарты болған жағдайда Жоспардың 80 %-ын үнемдеуіміз мүмкін еді.

Көбінесе ғылыми-білім беру және тұрғын-коммуналдық салада сатып алуды тиімсіз жоспарлау байқалып отыр.

Бюджетті құрастыру барысындағы кемшіліктер мемлекеттің сол сатыдағы шығындары болуына алып келеді.

***

Мәселен, кей облыстық энергетика және тұрғын-коммуналдық шаруашылық басқармасы (Алматы облысы) 3 млрд теңгеден астам сомаға мазут сатып алды, оның бағасы стандартты бағадан үш есе жоғары (30 %) және 800 млн теңгеден астам тиімсіз шығынға әкеліп соқты

Жекелеген жағдайларда орташа бағадан ауытқу 450 %құрап отыр.

Аталған фактілер бойынша 17 бюджеттік бағдарламалар әкімшілігіне ақпарат жолданды (әкімдіктер - 11, мем.органдар - 6).

Сомасы 5,5 млрд теңгеден астам жоспардың нақты тармақтары көрсетілді, тауардың орташа бағасынан ауытқу және экономиямүмкіндігі. Бұл 15,5 млрд теңгеден аса, яғни жоспарлы сатып алудың үштен бірі болады (27 %)..

Осындай жоғарылату Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарында, мем.органдардың - білім және ғылым, денсаулық сақтау, экология саласында болып отыр.

Бүгін сатып алуларды тоқтату туралы, немесе тауарлардың жоспарлы бағаларын төмендету туралы, немесе сипаттамасын өзгерту туралы ақпарат түсті. Экономия шамамен 300 млн. теңгені құрап отыр.

***

Екінші фактор.Тікелей келісімшарт жасасу үшін құқықтық негіздің болмауы ("Мемлекеттік сатып алулар туралы" Заңының 39-бабы, үшінші бөлігі, 3)-тармақшасы.)

Зияткерлік меншік объектілерін сатып алу үшін, нақты өнім берушілермен тапсырыс берушілердің тікелей келісімшарт жасасуына Заң рұқсат береді.

Егер тауар нарықта бірегей (жалғыз) болса, онда осындай жағдайда келісімшарт жасасуға рұқсат етіледі.

Осындай негіз бойынша кең таратылатын тауарларды сатып алу фактілері бар.

Мысалы, ағымдағы жылдың 9 айы бойынша компьютер сатып алуға 18 тікелей келісімшарт жасасқан. Оның 17 - офистік, әмбебап болса, тек бір келісімшарт - мамандандырылған жабдықты әкелуге жасасқан.

Ондай компьютерлердің орташа бағасы 250 мың теңге. Салыстырсақ, бәсекелестік әдіспен алынған сондай компьютердің орташа құны - 170 мың теңге.

Қорытындысында мемлекеттің ұтымсыз шығыны 63,7 млн теңгеден астам болып отыр.

***

Тапсрыс берушінің белгілі бір зияткерлік меншік объектісін түрлі, оның ішінде аса жоғарыбағалар бойынша сатып алатын фактілері де кездеседі.

Мұндай тікелей келісімшарттарды жасасу практикасы қателікті (құқықтық немесе техникалық), сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көрінісі барын көрсетеді.

***

Мониторинг қортындысы бойынша Агенттік ұсынымдарды жолдады. Уәкілетті орган біздің ұсыныстарды мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасындаескерді.

Мәселен, Бір көзден тікелей келісімшарт жасасуға құқығы бар тұлғалар тізілімін құрау бойынша құзыретті белгілеуге қатысты ұсыныс.

***

Сатып алу жүйесінің ашықтығын арттыру үшін Агенттік тағы бірқатар жобалар әзірледі.

Олардың бірі "Ашық бюджеттің интерактивті картасы" болып табылады.

Қазіргі уақыт режимінде бөлінген бюджет туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді халыққа қолжетімді нысанда көрсетеді. Бүгін де шамамен 5 трлн. теңге сомасындағы қаражаттарды жұмсау туралы ақпарат жарияланған.

700 мыңнан көп адамдар көріп үлгергендігі белгілі болды. Бюджеттік ұйымдардың 21 мыңнан астамы жеке бөлмесін құрған. Бұл картаның сұранысқа ие екендігін көрсетеді.

"Бұл жоба "халықтың қатысуымен бюджеттің" бірыңғай алаңына айналады деп есептейміз. Өз тарапынан Агенттік өз құзыреті шеңберінде "Атамекен" ҰКП бірігіп, аталған саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг практикасын жалғастырады"- деді ол.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны