07.04.2020, 15:53 4853

Қазақстанның орнықтылық қоры өз облигацияларын ұстаушыларға 108,5 млрд теңге төледі

Облигацияларды өтеу орташа мөлшерлемесі жылдық 9,9% бойынша орналастырылған үшінші облигация шығарылымы аясында өтті.

Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның орнықтылық қоры өз облигацияларын ұстаушыларға 108,5 млрд теңге төледі.

"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ ("BBB" / "Тұрақты" болжам, Fitch, бұдан әрі - ҚОҚ) өз облигацияларын өтеу мақсатында құнды қағаздардың ұстаушыларына жалпы сомасы 108,5 млрд теңгені уақтылы және толықтай төледі. Оның ішінде купондық сыйақы 8,5 миллиард теңгені құрайды.

Облигацияларды өтеу орташа мөлшерлемесі жылдық 9,9% бойынша орналастырылған үшінші облигация шығарылымы аясында өтті.

ҚОҚ "7-20-25" ипотекалық бағдарламасын нарықтық тетіктер арқылы қаржыландырып отыр. Ол үшін Қазақстан қор биржасында облигацияларды орналастыру арқылы қаржы көздері тартылады. Қазіргі таңға дейін осы мақсатта орналастырылған облигациялардың жалпы сомасы 370,3 млрд теңгені құрап отыр. Облигациялардың бес траншы жарық көрді. Төлемдер бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны