28.12.2012, 09:26 13688

"АЗИЯ АВТО" көліктері Қазақстанның үздік тауары деп танылды

Биылғы жылы республикалық байқауға аймақтық конкурстарда жеңіп шыққан 169 компания қатысты. Отандық үздік компанияларға ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі, вице-премьер Исет Исекешев жүлделерін табыс етті.

Астана. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Қазақстанның үздік тауары" республикалық байқауының қорытындысы бойынша "АЗИЯ АВТО" қазақстандық көлік құрастыру зауыты "Халыққа арналған үздік тауарлар" номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, биылғы жылы республикалық байқауға аймақтық конкурстарда жеңіп шыққан 169 компания қатысты. Отандық үздік компанияларға ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі, вице-премьер Исет Исекешев жүлделерін табыс етті.

"АЗИЯ АВТО" АҚ аталған республикалық деңгейдегі байқауда осымен екінші рет жеңімпаз болып отыр. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" жүлдесін жеңіп алған.

"АЗИЯ АВТО" сапа менеджменті жүйесі "T?V International Certtification" (Германия) халықаралық ISO 9001:2008 стандартына сәйкес сертификатталған.

Кәсіпорын қазіргі таңда әлемдік танымал көлік маркаларының 20 үлгісін құрастырып шығарады. 2012 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 13 307 қазақстандық "АЗИЯ АВТО" АҚ өнімін сатып алыпты.

"2012 жылы көліктер сату көрсеткішіміз айтарлықтай артты. Алдағы жылы да өндіріс көлемін 2,5 есеге арттыру жоспарланған. Биылғы жылы біз қазақстандықтарға көліктердің үш жаңа үлгісін ұсындық. Келесі жылы тағы да жаңадан 11 көлік үлгісі шығарылады. Олар 2012 жылы Париж, Женева мен Лос-Анджелесте алғаш рет автошоуда назарға ұсынылған көлік үлгілері", деді "АЗИЯ АВТО" АҚ директорлар кеңесі төрағасы Анатолий Балушкин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны