19.08.2011, 17:38 2819

Азық- түлік корпорациясы шаруа қожалықтарын қолдаудың екі жобасын іске асыруда

Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қолдауға қатысты екі бағдарламаны жүзеге асыру шаралары жүргізілуде. Оны іске асыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаржы мөлшері 39 млрд. теңгені құрайды.

Алматы. 19 тамыз. Kazakhstan Today - "Азық- түлік келісім- шарт корпорациясы" АҚ басқармасының төрағасы Бейбітхан Қабдірахмановтың айтуынша, Азық- түлік келісім- шарт корпорациясы агроөнеркәсіп кешеніне қатысты екі бағдарламаны жүзеге асыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қолдауға қатысты екі бағдарламаны жүзеге асыру шаралары жүргізілуде. Оны іске асыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаржы мөлшері 39 млрд. теңгені құрайды. Аграрлықтар несиені көктемгі егін егу мен күзгі өнім жинау науқанында сондай- ақ, айналымға түсетін қаржыны түскенге дейін ала алады. Ол бағдарламаға 27 миллиард теңге бөлінген", деп хабарлайды "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында Бейбітхан Қабдірахманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны