18.02.2015, 17:11 4090

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы шаруалардыӊ тұқым сатып алуына 832,7 млн теӊге қаржыландырды

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ (Азық-түлік корпорациясы) 2014 жылдыӊ қарашасынан бастап бидайды форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 832,7 млн теӊгеге бидай сатып алуды қаржыландырды, деп хабарлады ұлттық компанияда

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ (Азық-түлік корпорациясы) 2014 жылдыӊ қарашасынан бастап бидайды форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 832,7 млн теӊгеге бидай сатып алуды қаржыландырды, деп хабарлады ұлттық компанияда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Азық-түлік корпорациясы жеке меншік және тартылған ақшалай қаражат есебінен егуге жарамды бидай тұқымын немесе бидайды сатып алуға АӨК субъектілерін қаржыландыру арқылы бидайды форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыруды аяқтады. Жалпы аталған бағдарлама бойынша Азық-түлік корпорациясы жалпы сомасы 832,7 млн теӊгеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердіӊ 75 өтінімін қаржыландырды", - делінген хабарламада, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясыныӊ мәліметінше, 2014 жылғы қараша айыныӊ соӊында басталған бағдарламаға Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарыныӊ аграриялары қатысқанын естеріӊізге саламыз. Олардыӊ тізімдері облыстық әкімдіктер жанындағы облыстық үйлестіру кеӊестерімен жасалды. АШТӨ қаржыландыру 1 га егіс алаӊына 6 000 теӊге есебінен жүзеге асырылды. Аграриялар өз міндеттемелерін бидай жеткізілімі арқылы 2015 жылдыӊ 1 қарашасына дейін орындауы тиіс.

Егіс кампаниясын жүргізу үшін аграрияларды қаржыландыру бюджеттік несие қаражаты есебінен жалғасып жатырғанын айта кету керек. Қазіргі уақытта Азық-түлік келісім шарт корпорациясы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдемесімен көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы АШТӨ-ден бидай мен арпаны форвардтық сатып алу бағдарламасына кірісіп кетті.

Оны іске асыруға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен жалпы сомасы 17 млрд 650 млн теӊге бюджеттік қаражат бөлінді.

2015 жылғы 17 ақпандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында Азық-түлік келісім шарт корпорациясына Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысыныӊ аграрияларынан жалпы сомасы 1,5 млрд теӊгеден астам 136 өтінім келіп түсті.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-ныӊ негізгі қызметі мемлекеттік астық ресурстары мен одан қайта өӊделген өнімдерді сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауды ұйымдастыру, жаӊарту, орнын ауыстыру, сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанныӊ Үкіметі белгілеген басқа да қызметтер болып табылады. Компанияныӊ жалғыз акционері "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны