05.09.2007, 18:13 3229

Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы қосымша 2 млн тоннаға дейін астық сатып алуды жоспарлауда

Республиканың ішкі нарығындағы бағаның тұрақтылығы үшін "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ қосымша 2 млн тоннаға дейін астық сатып алуды жоспарлауда.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. АСТАНА. Республиканың ішкі нарығындағы бағаның тұрақтылығы үшін "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ қосымша 2 млн тоннаға дейін астық сатып алуды жоспарлауда, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіптің алдын алу үшін Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы 2 млн тоннаға дейін астық сатып алуды жөн деп санайды. Біздің пайымдауымызша, бұл ішкі астық нарығын тұрақтандырады",- деді Руслан Азимов сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Ол, республикада "ұсталмайтын қорға жататын 500 мың тонна көлемінде мемлекеттік астық резерві құрылғындығын" еске сала кетті. Сонымен қатар, Руслан Азимов "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясының қаржысы есебінен 2 млн тоннаға дейін көлемде тұрақтандыру қорын құру жөнінде шаралар қарастырылуда" деп атап өтті.

Бүгінгі күнде "корпорация 816 мың тонна астық сатып алуды қаржыландырған, оның бір бөлігін біз жасалған келісімге сәйкес жөнелтуге міндеттіміз", деп қосты ол.

Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы басшысының түсіндіруінше, астық сатып алу үшін шетелдік банктерден қарыз ақша тартылатын болады. "Біз ақшаның жартысын - 136 млн евроға жуық қаржыны алып та қойдық. Енді бұдан біраз көбірек қажет болады",- деп түсіндірді Руслан Азимов. "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы алты жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан банктер дағдарыс проблемасын біздің алдымыздан көлденең тартпайды",- деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Р. Азимовтың хабарлауынша, астық ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерден "шамамен 200 АҚШ долларымен және сәл қымбатырақ бағамен" сатып алынады. "Нарықты тұрақтандыру мақсатында астықты қайта өңдеу кәсіпорындары белгіленген бағамен сататын болады",- деп қосты ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны